Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Өскемен тұрғыны Экспо-2017 көрмесіне жаяу жүгіріп жеткен (ФОТО)

image

Өскемен қаласының тұрғыны Ғалымжан Тоқтарұлы Астанада өтіп жатқан халықаралық Экспо-2017 көрмесіне атсалысу мақсатында Өскемен қаласынан Астанаға дейін жүгіріп жеткен.

«Менің басты мақсатым – халықты ЭКСПО көрмесіне шақыру, көрмені жарнамалау», – деді ер азамат Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісіне айтқан сөзінде. Ғалымжан Тоқтарұлының сапары 26 маусымда басталған, 9 маусым күні Қоянды ауылына таяп, 10 мауысмда діттеген жеріне жеткен. 16 күнгі сапарында күніне 80 шақырым жолды жүгіріп өткен.

Көрмеге аса қызығушылық танытқан қазақ азаматына 1000 шақырымнан астам ұзақ сапарды өткеру оңайға соқпағаны айдан анық, бірақ көздеген мақсатын қалай да жүзеге асырған ол бүгінде көпке арман болған көрмені аралап жүр. Өскемен қаласының тұрғыны сол аймақта білім алып, сол қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып қызмет атқарған, қазіргі уақытта жұмыссыз.

Алайда жұмыссыз болса да, уақытын өз мақсатына жету үшін пайдаланған ер адам көрмені тамашалау үшін жолына кеткен қаржыны өз қалтасынан шығарған.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Гулим 12 Маусым, 2017, 17:06

    Міне ер, жарады. Айтты, жасады, ерлік. ЭКСПО тарихында аты ерекше қалатыны сөззсіз

    Жауап жазу
  2. қаламқас 13 Маусым, 2017, 01:37

    Осы жігіт Қытайдан оралған-ау шамасы…

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 11:15

    Нағыз қассақ,міне нақ батырлардың,жайсаңдардың тұяғы.табанды,сөзінде тұрды.келді.көрді.жеңді.
    Тайбұрылдардың шабысы-ай!

    Жауап жазу
  4. Үргешбай 19 Маусым, 2017, 07:35

    Немнің соры дешиші,бас жасамаса екі аяққа тыныштық бермейді деген осы ғо.бір жар салып айтатындай да үлкен експо емес қой.босқа далаға ақша шашу,ысырап та.сол үшін есалаң боп сонау өскеменнен жүгіріп келген ,дәм болсын,кері қарай тағы жүгірер мекен.босқа жүгіргеніне көзі жетіп пойызбен кететін болар деп ойлайым.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 20 Маусым, 2017, 18:31

    Не сорым,-деп аяғыңның басына қарап отыра берсейші.бөксеңді көтере алмай отырып,желаяққа күлгеніңе жол болсын.
    Жыртық тесікке күліпті-дегендей.
    Қозғалыс-өмір заңы.

    Жауап жазу
  6. Жаркен дамир 7 класс 25 Қыркүйек, 2017, 20:45

    Ё маё эта кажетса фейк

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*