Алматыда белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы ұсталды (ФОТО)

Алматы қаласында арнайы операция нәтижесінде белгілі кәсіпкер құрықталды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК, ІІД мен прокуратура қызметкерлері еліміздегі ең ірі зауытта тінту шараларын өткізді. Зауыт иесі ұзақ уақыт бойы ұйымдасқан қылмыстық топты басқарып, рэкетпен айналысқан, - деп хабарлайды арна тілшісі.

Кәсіпкердің есімі аталмады. Арнайы операцияның анық-қанығы хабарланады деп күтілуде.