Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Пара алған лауазымды тұлғалар жазадан жеңіл құтылып кетеді – Перуашев

Квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғалары жазадан жеңіл құтылып кетеді - Перуашев

Квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғалары сатып алулардағы бұзушылықтары үшін  сөгіс алып, сыйақыдан қағылу арқылы құтылып кетеді. Бұл туралы бүгін «Квазимемлекеттік секторларды сатып алуларды заңнамалық реттеу» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселе процедураларды нормативтік реттеу ғана емес, сонымен бірге бұзушылықтар үшін жауапкершілік жайында болып отыр. Қазіргі заңға сәйкес бұл бұзушылықтар, әсіресе пара алумен қатыстылары жемқорлық құқық бұзушылыққа жатпайды. Өйткені, квазимемлекеттік сектордың жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметші саналмайды. Дегенмен бұл салада бұзушылықтар орын алуда. Шынымен де жауапкершілік әлі күнге дейін бұл салада қарастырылмаған. Нәтижесінде ол жақта үлкен бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға сөгіс алып, сыйақысының жартысынан қағылу арқылы құтылып кетеді», – деді Перуашев.

Осы ретте ол бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі мұндай бұзушылықтарға дұрыстап жауапкершілік бекіту болып отырғандығын айтты.

«Жаңа заң жобасының негізгі мақсаттарының бірі квазимемлекеттік сектордағы жауапты тұлға сатып алулар саласындағы бұзушылықтары, заңнаманы, процедураны бұзғаны үшін толыққанды, дұрыс жауапкершілік енгізу болып отыр», – деді депутаты.

Айта кетерлігі, отырыс барысында ҚР Қаржы министрі бақыт Сұлтанов  квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленгенін айтқан болатын.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 13 Маусым, 2017, 14:24

    Пара алған лауазымды тұлғалар жазадан жеңіл құтылып кетеді – Перуашев
    http://www.qazaquni.kz/2017/06/12/70694.html

    Жауап жазу
  2. Алма Бокажанова 13 Маусым, 2017, 15:09

    Ой жаным -ау неге ертерек айтпады ? Ө т е дурыс айтасың ..Қазір халық сауатты емес пе .Осылай пікірлеріңді жариялап турсаңдаршы ?

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 13 Маусым, 2017, 18:53

    Соны айтам,10-мың,20-мың алғандар зар жылап сотталып кетеді,кәмпескеленіп.
    Одан зорғылар миллиондап,миллардтап қылғытып жатса да,су жұқпас жорғадай тайпалып өте шығады.Ой,алла-ай,ақыр заман болғанда түйені түгімен жұтатын жалмауыздар келеді,-деуші еді.өзі адамға да,өкіметкеде,тіпті жан баласына да сенбейтін ,әділ сот дейме,пркүрор дейме,млитса дейме,қорқатын заманға,бәледен машайық қашып құтылыпты дейтін кезеңге тап болдық.асты-үстіне аударылған заман-ай.адам өзгерді ме,заман өзгерді ме?..

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 20 Маусым, 2017, 06:31

    Бір бөлмеде екеу (млисада) -сен қанша ұрладың,10 мың,өзіңше,ол көкиіп,10милләрд.

    Жауап жазу
  5. Нуркара 30 Шілде, 2017, 19:02

    Ондайларга кытайдын занын колдану керек, болмаса колын иыгынан шауып тастау керек, ол болмаса жиликтеп итке тастау керек жерге комуге жер жалко.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*