ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысын шақыру туралы" өкіміне қол қойды, - деп хабарланды ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтында.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 19 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин Астана қ., 12 маусым 2017 ж. № 52", - делінген өкімде.