Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Қазақстанда теңдесі жоқ жастар үйін салды (ФОТО)

Бүгін Ақтөбеде қаласында жетім балаларға арналып салынған «Мейірім» жастар үйіне Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова келді. Танымал жас отбасы Ақтөбеге Қазақстанда жоқ жастар үйін салып берді. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы aktobenews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылыс жұмыстары үшін отбасылық бюджеттен 1,5 млрд қаржы жұмсалған. «Мейірім» орталығында 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұратын болады. Қазіргі уақытта онда 88 тәрбиеленуші қабылданған. Мамандар тәрбиеленушілер саны 110-ға жететін айтты. Жастар орталығының 5 корпусы бар.  Жастардың жатын орны, спорт алаңы, шеберханалар бар.

«Орталық туралы ауызымызды толтырып айтуға болады. Қазақстанда осындай әлеуметтік балалар үйі бірінші рет Ақтөбеден ашылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрғандай сезіну керек. Орталық ішінен бірнеше цех ашылды. Балалар жұмыс жасап үйреніп, өздерін дамытса дейміз. Қазіргі заманда жастар масыл болмау керек. Осы балаларды қуантып жатқан сіздерге алғыс айтамын. Рамазан айында жасаған істің сауабы үлкен», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгінгі күні Ақтөбеде  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1130 бала бар.  Олардың 860-ы қорғаншылық және қамқоршылықта. 80 бала патронаттық тәрбиеде, 190 бала жетім. Осы санаттағы үш мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.

«Мейірім» орталығының тәрбиеленушілерімен кездескен Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласында әлі де бірнеше жоба жасайтынын атап кетті.

«Сәби» қайырымдылық қорының ұсынысымен салынған «Мейірім» жастар орталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті бұл жобаның маңызы зор. Орталықта тек баспана беріліп қана қоймайды. Олардың осы жерден мамандық алуына да жағдай жасалған. Осы бастамамыз әрі қарай дамитынына сенемін. Мұндай орталық Қазақстанда бірінші рет салынды.  Бұл Ақтөбедегі біздің алғашқы жобамыз емес. Мүгедектерге көлік пен бірнеше балалар алаңының құрылысын салып бердік. Бүгінгі шараның біздің қайырымдылық  қорымыздың 15 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуанамыз», — деді Әсел Тасмағамбетова.





18 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Амангелді 8 Маусым, 2017, 13:39

    Жасаңыздар! Жарайсыздар! Үлкен сауапты іс!

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 8 Маусым, 2017, 13:43

    Фанты.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 8 Маусым, 2017, 13:53

    Кезінде бұлардың крутой әкелеріне бір көп балалы әйел жағдайын айттып арызданғанда ол «крутой» балдарды мен үшін или біз үшін туған жоқсын деген, содан бері Иманғалиді онша сыйламаймын. Бұлар тәкәппарланған адамдар.

    Жауап жазу
  4. шал 8 Маусым, 2017, 14:51

    каражатты каидан алды екен теренирек оиласандар тубине жетесиндер 90 жылдары еки костюм шалбары бар акелеринин калаи баиып кеткендеринин.

    Жауап жазу
    • Айзат 8 Маусым, 2017, 16:36

      алса жалғыз алған олар емес, қайтпай жұтып алғандар қаншама, игі істер үшін жұмсалған ақша үшін қуанайық

      Жауап жазу
  5. Рашит 8 Маусым, 2017, 15:22

    Ол айтты деген «балдарды біз үшін туған жоқсын» деген сөз өтірік. Ол кісі олай айтпайды ешқашан. Талай жандарға жақсылық жасаған кең жүректі азамат бұлардың әкелері.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Маусым, 2017, 12:17

      онын дүниесі кайдан келді қазақтар
      огородтан тауып алған ғой шамасы

      Жауап жазу
  6. Салтанат 8 Маусым, 2017, 15:23

    Рамазан айындағы сауапты істерің қабыл болсын, жарайсыңдар!

    Жауап жазу
  7. құрмаш 8 Маусым, 2017, 20:47

    жақсылық жасаса тағы жақпайды. мүмкін бизнеспен тапқан шығар, аздап акесінің беделі көмектескен шығар. ең бастысы жақсы бастама көтеріп жатқаны үшін қолдау білдірейң ағайын. істері ілгері болсын. ендігі кезе жоғары оқу орындарына шетелден жақсы қондырғылар мен үздік ғалымдар тартып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

    Жауап жазу
  8. Жумабике 8 Маусым, 2017, 21:40

    Жарайсың қызым,Өмір жасың ұзақ болсын

    Жауап жазу
  9. Окырман Атырау 9 Маусым, 2017, 10:58

    Соғыста тұтқынға түскен орыс, өзбек, қазақты, қамайтын орын жетпегесін терең ор қазып, орыс, өзбектің қолын байлап салыпты.Қазақтардың қолын байламапты, себебі ,бірі шұңқырдан шығайын десе екіншісі аяқтан тартып кері түсіреді екен.

    Жауап жазу
  10. Маха 9 Маусым, 2017, 19:08

    Иманғали ағамыздың айтқаны рас! Менде теледидардан көргенмін. бала туарда ата аналар кішкене ойлану керек неге десек баланы туамызғой ертенің кім ойлайды ата анасы ойламаса Иманғали ағамыз не үшін ойлау керек өйткені ол кісі тудыртып отыртқаны жоққой, Айтатын сөзді айту керек өз уақытында.мен ИМАНҒАЛИ АҒАМЫЗДЫ ҚОЛДАЙМЫН ҚЫЗЫНЫҢ ІСТЕГЕН ІСТЕРІ АЛҒА БАСЫН АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СОЛ КІСІЛЕРГЕ! ақшаны қайдан алса оннон алсын ол жағымда шатағым жоқ. (Енді)

    Жауап жазу
    • Сәкен 10 Маусым, 2017, 00:34

      «Мәңгілік Қолқоюсыз» бен Маха, Иманғали Тасмағамбетов сендер «растап отырған» сөзді айтқан жоқ, ол сөзді бұдан алты жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанның сол кездегі әкімі айтқан, аты-жөні есімде қалмапты. Ал мына миллионер Кеңес пен әйелі Әселге рахмет, ғұмырлы, бақытты болсын! Бұлардың қазағына жасап жүрген қайырымдылық шаралары аз емес екен, әрқашан жолдары болсын! Екеуі де миллиардер Динара мен Тимур құлыбаевтар кімге, қандай жақсылық жасады? Өтемұратов, тағы басқасы ше? Сүлейменов Олжастың көмегімен миллиардер болған Шодиев, Ибрагимов, Машкевич қайда? Ким ше? Өзге миллионер-миллиардер ше?!

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Маусым, 2017, 12:17

      онын дүниесі кайдан келді қазақтар
      огородтан тауып алған ғой шамасы

      Жауап жазу
  11. махага 9 Маусым, 2017, 21:55

    оиын таиыздау жан екенсин имангали аган премьер кала акими боп кыскасы окемет болып турган жокпа кезинде ел аударылып кетпеи турып биздеи мунаига баи арап елдерин кормеисинбе кандаи бай туратынын балаларга канша пособие берип жатканын бугин нуркз окы кентауда алты баласы бар аналар акимдер алдында зарын аитып жатыр 14 мын тенгесин еки аиданбери алалмаи жур екен бир аига 14мын алты балага енди жетип бардыма .осы имекен бе нурекенбе жонди жуие де адал ел баскарганда аналар зарламас еди.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 13 Маусым, 2017, 19:13

    Осы Шодиев,Ибрагимов,Машкеевич,Ким сияқты ғайыптан тайып байып кеткен миллионерлер неге қазақтан байып,неге қазаққа көмектеспейді.Әлде олар басқа планетада тұрып,бизнес жасайма?..осылардың бір көмек жасапты дегенін естіген жан барма,жоқшылыққа белшеден батқан жандарға.

    Жауап жазу
  13. айнаш 14 Маусым, 2017, 12:08

    жарайсындар! Зиялы адамның балалары екендерін көрсетті.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*