Валюта бағамы USD : 325 | EUR : 362.8 | CNY : 47.57

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

АЛАШТЫҢ АРЫСЫ АҚТӨБЕГЕ БӨТЕН БЕ ЕДІ?

Ақтөбеде жаңа көшеге алаштың арысы Мұстафа Шоқайдың аты беріліп, жаңа тұрғын үйдің қабырғасына суреті қашалады дегенге тұрғындар кəдімгідей марқайып қалған. Кеше əлеуметтік желілердің бірінен мына суретті көріп, басыма біреу су құйып жібергендей болды. Мұстафа бабамның əп-əдемі бейнесін əкім қаралардың бірінің бұйрығымен қайта бояп, көзден бұлбұл ұшырған.

Ел ішіндегі ұзынқұлақ «ол фашистермен ауыз жаласқан» деген желеумен өшірілді деседі. Ау, ақтөбелік атқамінерлер! Мұстафа сіздерге Гитлер емес қой суретін өшіретін!

Бұл жерде Алашым деп азапты ғұмыр кешкен Мұстафа Шоқайдың суреті болған. Оны өшірген басқа емес, біз – намыссыз ұрпақ!

Сталинге де, Гитлерге де бас имеген, Алаштың алыбы,кешіре гөр бізді!

Арман Сқабылұлы,

Фейсбук парақшасынан





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 7 Маусым, 2017, 14:46

    Желге-күнге іріп кететін Плакат қой, ауыстырылады .Сөз бе екен!..

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 7 Маусым, 2017, 14:58

    Сендер Ақтөбеге неге көбірек тиісіп кеттіңдер. Шымкенттің қылмысын тиып алыңдар

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*