Мәмбетовтың Жантөринді жұмыстан қуғаны рас па?

[caption id="" align="aligncenter" width="435"]Картинки по запросу әзірбайжан мәмбетов Ә. Мәмбетов[/caption]

Тұғышбай Жаманқұл туралы бір мақала оқыдым. Содан мынадай ойға келдім. Т. Жаманқұлға немесе басқаға ара түспеймін. Ол өзі не істегенін біледі деп ойлаймын.

Айтайын дегенім қазіргі қоғамға анау анандай, мынау мынандай деген емес, нағыз сараптамалық салиқалы мақалалар қажет. Әйтпесе барлық адамның пендешілігі жетеді. Тұңғышбай Жаманқұлмен ара қатынасы жақсы болмаған Әзірбайжан Мәмбетов туралы жаза отырып жазбагер былай дейді: "Ұлы Әзірбайжан Мәмбетовтың мінезін, кесек тұлғасын там-тұмдап болса да білетін бірде бір жан ол кісінің еш адам жайлы ғайбат айтпайтынын, ал айта қалса, әбден қыстығып, үзілер шағына жеткенде ғана тек шындықты сөйлейтінін біледі". Басқасын келтірмей-ақ қояйын. Осы да жетеді деп ойлаймын.

Жазбагердің келтірген мысалдарын оқыған адам Ә.Мәмбетовты қардан ақ, сүттен таза болған деп ойлауы мүмкін.

Ә.Мәмбетов режиссер ретінде сөз жоқ ұлы. Бірақ ол да пенде ғой. Басқа бір жазбагер ол туралы да келеңсіз мақала жазуы мүмкін.

[caption id="" align="aligncenter" width="481"]Похожее изображение Н. Жантөрин[/caption]

Мен бәріне бірдей қарауға тырысамын. Нұрмұхан Жантөриндей дарын иесін театрдан шығарып жіберген Ә.Мәмбетов.

"Я - актер, я - человек, высшее достижение создателя" атты кітаптың 46-бетінде Ә.Мәмбетовтың Нұрмұхан Жантөринге жазып жіберген қағазының суреті бар, онда Ә.Мәмбетов былай деп жазған: "Дорогой Нурмухан! Как договорились с тобой принеси или пришли заявление. С уваж. А.Мамбетов".

Нұрмұхан Жантөрин кетемін десе де жібермейтін артист қой меніңше! Бірақ солай болған.

Белгілі сахна майталманы Бикен Ырымқызынның естелігінде Жантөрин қайтыс болғанда театр ұжымы атынан артистің жанұясына көңіл айтылмады деп жазылған. Бұл қазақ үшін үлкен мін! Кітапта орысша жазылғандықтан толық нұсқасын өздеріңіз оқыңыздар: "Мне известно, что руководство нашего театра не сочло нужным выразить соболезнование семье Жантурина. У казахов так поступать не принято. Должностные амбиции все-таки сильно уродуют людей изнутри и внешне". Театрдың сол кездегі басшысы кім еді деп қазбаламаймын. Оның қажеті шамалы.

Айтарым сол, әр адамның басынан небір кемшілік табуға болады. Барлық адам пенде. Іздей берсең таба бересің.

Сондықтан кім туралы болса да айтар ойды ешкімді ешкімге қарсы қоймай адамгершілік тұрғысынан жазғанға не жетсін.

Бердалы ОСПАН,

Фейсбук парақшасынан