Ақжолдықтар АЛЖИР қасірет мұражайына тағзым етті

  Бүгін - 31 мамыр Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін  құрбандарына арналған  "Ұлттық аза тұту" күні! «Ақ жол» партиясы бүгін жылдағы дәстүріне сай Ақмола облысындағы  Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін  құрбандарына арналған АЛЖИР қасірет мұражайына барып тағзым етті.  «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бастаған Мәжіліс депутатары мен партия белсенділері  Қасірет қабырғасына гүл шоқтарын қойып, әруақтарға құран бағыштады. Алаштың арманын айтып, Қазақтың болашағы үшін күрескен арыстарымыздың асыл жарлары болғаны үшін ғана адам айтқысыз азап шегіп,  ажал құшқан Арулардың әруағына тағзым еттік. Ондай зұлматтың енді қайталанбауын бір Алладан тілеп, Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өміріне шүкіршілік айттық. Ел аман, жұрт тыныш болсын! qazaquni.kz