Шетелдік бір фильмді қазақ тілінде сөйлету үшін 100 мың доллар жұмсалады

[caption id="" align="aligncenter" width="669"]Похожее изображение Көрнекі сурет: Yvision[/caption]

Шетелдік танымал бір фильмді қазақ тілінде сөйлету үшін 100 мың доллар қаражат жұмсалады. Бұл туралы «Болашақ» корпоративтік қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Астана арнасы.

Бүгінге дейін 20 кино мен мултьфильм қазақшаға аударылған. Жобалар демеушілердің қолдауымен жасалады және тікелей аударуды көздемейді. Барынша, түсінікті етіп, мазмұндық тұрғыда қазақы мақам қосу - басты мақсат. Әуелде кішігірім шығармашылық топпен басталған іс қазір өріс алып келеді.

Бүгінде 60-70 актердің дауысы таңдалып, жұмысқа шақырылған. Ал қазақ тілі Дисней студиясының өнімдері аударылатын тілдердің сапына енген.