Терроризмге қарсы күрес үшін қазынадан бөлінген қаржы талан-таражға түскен

[caption id="" align="aligncenter" width="689"]Картинки по запросу теракт алматы Көрнекі сурет: Казинформ[/caption]

Экстремизм және терроризмге қарсы қазынадан бөлінген қыруар қаржы кейбір облыстарда талан-таражға түскен. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы арнасы.

Оның айтуынша, қазір теріс діни ағымдармен күресу үшін бір облыстың өзіне жергілікті бюджеттен 53 миллиард теңге бөлінеді.

Мәселен, 2015 жылы Сирияға кеткен отбасы туралы бейнероликке, «Ақ жол» спектаклі мен «Дінді сақта» шарасын ұйымдастыруға қаражат берілген. Алайда, төленіп қойған қызмет, сол күйі іске аспаған.

Мұндай фактілер экстремизмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның сапасын тексеру барысында анықталыпты. Сондай-ақ, бас прокурордың орынбасарының сөзінше, экстремизм мен терроризммен күресті діни сауаты жоқ адамдар жүргізген көрінеді.