Астанада белгілі австриялық жазушымен кездесу өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Der Platz des Hundes»атты қысқа әңгімелер жинағының авторы ретінде жұртшылыққа кеңінен таныс австриялық жазушы Анна Вайденхольцермен кездесу өтті. Іс-шара барысында жазушының «Der Winter tut den Fischen gut» атты кітабының таныстырылым өтіп, үзінділер оқылды.

Анна Вайденхольцердің «Der Winter tut den Fischen gut» ( «Ақ» қысқы балық) атты кітабы оның танымал шығармаларының бірі. Кітапта өткінші және жоғалған армандар, өзіне шектен тыс талап қоюшылар мен құпиялық, сәтсіздіктер туралы тамаша туындылар жазылған.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Герхард САЙЛЛЕР (Gerhard SAILLER) ханым, зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысты.

Австриялық жазушы Анна Вайденхольцер 1986 жылы туған. Оның көптеген әдеби сыйлықтарына қарап, қазіргі заманғы неміс тілді әдебиеттің ең танымал өкілдерінің бірі екенін айтуға болады.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі