Қайрат Нұртастың келіншегі «Праймдағы» оқиғадан кейін біраз қиындықтар болғанын айтты

Қайрат Нұртастың келіншегі тура қазіргі сәттегі суретін желіге жүктемегенімен, күйеуі, продюсер енесі, отбасы жайлы күнделікті бірнеше жазба қалдыруды әдетке айналдырды, - деп жазды Stan.kz.

Қайрат Нұртастың келіншегі «Праймдағы» оқиғадан кейін біраз қиындықтар болғанын айттыЖұлдыз көп жағдайда Қайрат Нұртас отбасымен түсірген «Қалыңдық» фильмінің жарнамасын жасап отырады. Ол өзі де сол фильмге түскенін, түсіру жұмыстары аяқталғанын хабарлаған.

Қазірге желі қолданушыларына «Қалыңдық» фильмі ел назарына ұсынылғаннан кейін, өзі жұртты толғандырған барлық сұрақтарға жауап беруге уәде берді. Бүгінгі жазбасында Жұлдыз былай деген:

«Мəселе елді шулатып атақ шығару емес. Əйел адамның басты міндеті отбасын сақтап, саналы ұрпақ өсіру. «Прайм плазадағы» оқиға естеріңізде болар содан кейін басымыздан көп жағдайдар өтті. Əрине жұрт оны білмейді. Аз қалды шыдаңыздар Алла қаласа фильмнен кейін барлық шындықты білетін боласыздар! Себебін ашып жариялаймыз!»,-деп жазған Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасында. Көпшілік жазбаға қарап мұны Жұлдыздың енесі, яғни белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жасап отыр деген.

«Өте сабырлы келіншек екен», «Нағыз Шымкенттің тәрбиесіндегі келін», «Осы сөздерді өзің жазған болса, енеңнің сөздерін айнытпай қайталайтын келін болыпсың», «Бұл Жұлдыз емес, енесі» деген сынды алуан түрлі пікірлер жазылған.Жұлдыздың атына ашылған бұл парақшаның жұмыс істеп жатқанына жарты ай болды. Сол уақыттардың барлығында Қайраттың қайда баратындары жайлы нақты әрі шындыққа сай ақпарат салынған. Сондықтан жұрт бұл парақшаны «Жұлдыздың өзі фильмнің жарнамасын жасау үшін немесе енесі сол мақсатта ашқан» деп болжауда.