Назарбаевтың келіні сәбиін босанғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты (фото)

Айсұлтан Назарбаевтың жары Әлима Боранбаева перзентін босанғаннан кейін алғаш рет ел назарына ілікті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды. 

Әлиманың ағасы, танымал опера әншісі Сүндет Байғожин оның бірге түскен сурет әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

"Қарындасыммен әжеміздің 80 жас тойында!!! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын әже!!!", - деп жазды әнші.

 Еске сала кетейік, Айсұлтан мен Әлима 2013 жылы отбасын құрған болатын. Әлима белгілі қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаеватың қызы.

Назарбаевтың келіні сәбиін босанғаннан кейін тұңғыш рет ел алдына шықты (фото)