Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Келесі жылы қазақша сөйлеймін» деген Ақышев уәдесінде тұра ма?

Похожее изображение

«Уәде – құдай сөзі» дегенді ұстанатын халықпыз. Сөз берген адам салмағы зіл батпан жауапкершілік жүгін арқалайды. Берген уәдесін орындаса, азаматтығы айшықталып, беделі артып, сөзі мен ісінің қабысатындығын айғақтары сөзсіз. Бұны айтуымыздың өзіндік себебі бар. Сынаптай сырғыған уақыт кезінде берілген уәденің сұралар күні жақындап қалғанын еске салып тұр.

Аbai.kz порталы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің берген уәделерін қайта сараптап шыққан екен. Назар аударайық:

Осыдан бір жыл бұрын, жаздың алғашқы күні Парламенттің кезекті отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап беру сәтінде

Бас банкирге «біздің қазақша сұрақтарға қашан қазақша жауап бересіз?» деген сұрақ қойылған болатын. Сонда Ұлттық банк төрағасы сауалдың өте дұрыстығын айта келе «келесі жылы» дегені есімізде.

Күнтізбеге қарасақ, күн мен түн алмасып, айлар жылжып, сол «келесі жыл» да таяп қалыпты. Енді сөздің қаншалықты іске ұласқанын көретін кез жетті.

Д.Ақышевтың көпшілік алдында сөйлеген сөзіне назар аударсақ, Ұлттық банкке төраға болған бір жарым жыл ішінде бірнеше уәде бергендігін көреміз. Ол ұлттық банк жұмысын ашық ету, 2016 жылы инфляция деңгейін 6-8 пайыз деңгейінде ұстау және ұлттық валютаны тұрақтандыру туралы болған-ды.

Ашықтық мәселесінде біршама алға жылжу байқалды. Оған теңгенің құнсыздануына әсер етуі мүмкін факторлардың айтылуын, теңге бағамын бір қалыпта ұстауға жұмсалған интервенция көлемінің жариялануын және оқыс девальвацияның орын алмайтынын мәлімдеуін жатқызуға болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі келтірген дерек бойынша 2016 жылы инфляция деңгейі 8,5 пайыз шамасында болыпты. Әлбетте, төмен емес. Алайда болжанған деңгейге шамалас. Бұл да жас та болса бас банкирдің айтқан сөзінде тұруға талпынысын көрсетеді. Бұл ойымызды соңғы кездегі ұлттық валюта бағамындағы тұрақтылық бекіте түскендей. Сондықтан бір жылда қазақша еркін сұқбат беруді уәде еткен Д.Ақышевтың сөзінде тұратынына үмітпен қараймыз. Дүйім жұрттың алдында ұятқа қалуды кім де болса, қаламасы анық. Оны бас банкирдің жақсы түсінетіні айқын.

Ел тарихына үңілсек, шенділер тарапынан қандай уәделер берілмеді десеңізші. Алайда бүгінгі әңгімеге тек қазақ тілін үйренуге қатысты берілген уәделерді ғана арқау етуді жөн көрдік.

Сондай серттердің бірін үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов берген болатын. Өзінің ана тілін ұмытуын соңғы бес жылда Ресей астанасы Мәскеуде қызмет еткенімен байланыстырған ол жарты жылда мемлекеттік тілді меңгеретінін айтты. Осы орайда өмір бойы Қазақстанда тұрса да ана тілдерін ұмыта қоймаған диаспора өкілдеріне қайран қаласың.

Қош, бастысы министр уәде берді. Енді нәтижесін күтелік.

Осы жолдарды жазу кезінде ақпарат құралдарында Әділет министрі Марат Бектаевтың қазақ тілін толықтай меңгеруге бір жыл сұрағаны туралы хабар тарады. Сөйтсек, бұл уәде де қазақ тілінде жауап беруді талап еткен тілшілерге беріліпті. Өз имиджін ойлаған министрдің жыл өткенде уәдесінде тұрарына сенелік.

Алайда мәселе басқада. Қашанға дейін осылай әр шендіні түртпектеп, «қазақшаңыз қалай?» деп сұрамақпыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл екені, оның заңда тайға таңба басқандай жазылғанын білетін біздің шенеуніктер оны үйренуге неге асығар емес? Елбасы айтқан рухани жаңғыру идеясының өзегі де осы төл тамырымызбен қайта қауышуды мақсат тұтпай ма? Ал төл тамырға қан жүгіртер тетік ол – халықтың тілі. Мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы өтпелі кезеңнің сипаты ғана екеніне күнбе-күн көз жеткізудеміз.

Қазақша ойлайтын жаңа ұрпақ өсіп келеді. Сан сапаға ауысып, үлес салмағы 70 пайызға жуықтаған қазақ халқы қоғамның қазақылануын ашық талап етуде. Ал оны байқағысы, мойындағысы келмеген шенділерге ерте ме, кеш пе «қашан қазақша сұраққа қазақша жауап бересіз?» деген сауалдың көлденең қойылары хақ. Олардың белгілі бір мерзімді атап, жалтарма жауап беруі әбден ықтимал. Бірақ қоғамның бүгінгі ұлттық көңіл-күйі жалтарма жауапты місе тұтпай, нақты істі талап етеді. Сондықтан шенділер халықпен алтын көпір құруға асығып, берген уәделерінде тұрса игі.

Меліс СЕЙДАХМЕТОВ





11 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 15 Мамыр, 2017, 22:08

    Бұл патшағарға, ертең Елбасы Қазақ Елінде Қазақша таза сөйлей алмаған адам ешқандай жоғары лауазым түгілі, Мемлекеттік жұмыстарда жұмыс істемейді десе, бұлар сайрағанда енді алдына жан салмайды. Қазір әншейін тәлпіштеніп жүрген «крутой қазақтар мен крутая казашкалар ғой » немесе ақымақ қазақтар деп айтсада болады -Айтуға оңай.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 16 Мамыр, 2017, 02:44

    көзі тұнықтығына, өзін ұстауына қарағанда ақылды жігіт сияқты. қазақ тілін біледі деп ойлаймын. қосақ арасына бәрін қыстыра бермеңдер. сіздердің соңғы кезде өзім білемдікке салынып қазақтың білімді жастарына аты-жөні жоқ орынсыз тиісе бастауларың ұнамай барады. бәрін қараламаңдар !

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 16 Мамыр, 2017, 11:59

      Ондай жоғары лауазымдарда Қазақтың жігіттері мен қыздары отырғандары әрине Қазаққа абырой, олардың көп болғаны жақсы, алайда айтып отырғаным барлық тілді біл бірақ өзіңнің тіліңде сөйлемей, өз тіліңді менсінбегенің өте ұят болады деймін, оны көрген жас жеткіншектер ойлайды, что главный в Казахстане надо знать русский и английский языки и все ты крутой человек везде дороги открытие-деп Қазақ Тілін сөйлемек түгілі-үйренбейдіде- содан бірі күндері Қазақтар орыстарыдң,өзбектердің, ұйғырлардың қолында жұмыс істеп мал болып кетулері мүмкін.

      Жауап жазу
  3. кария 16 Мамыр, 2017, 13:02

    ана талан таражды коидырса болар еди табытка акша табалмай калмасак болар еди .орысша ма казахшама соилеиме маган похи .

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 16 Мамыр, 2017, 14:29

    қазақ қазір табытқа (гробқа) жатпайды, шал !

    Жауап жазу
  5. Шындық 19 Мамыр, 2017, 20:10

    Қандай бешаралық десеңші Қазақ тағдірің Егер әр халық тағдірін өзі жасаса Онда Қазақ нағыз беишара халық Мен көз алдыма елесте ашмаимын Жапонияның Бас Банкирі Мен келесі жылдан бастап сөз беремін Жапонша сөилеимін деп Жараиды оларды қоишы Кешегі Қызыл Империяның Құрамынан шыққан Грузия не Литва не Молдавия Банкирлері Өз халқының алдында Өз Ана оішдерінде сөилеу туралы Халқына уәде берсе Халықы Бетіне түкрер еді Қазақтың мна ісі Өз Ар ұияты қаида Осыншалы Манкурт болуға не себеб Тәуелсіздік алғаныа Аттаи 26жыл Бір ұрпақ ауысты Тек Совоктан қалған Бір Басшыдан басқасының бәрі Кешегі Кеңес өкіметінің Атын естіседе Затын білмеитін ұрпақ Бұларға не күн туды Аидын күні аманда Өз елінің тілінде сөилу үшін Елге жариялап уәде беретіндеи Қасқиып қалған Қасқаларға

    Жауап жазу
  6. Бек 20 Мамыр, 2017, 22:12

    Назекеңдей еЕл басы тұрғанда жоғарғы басқару буындарында қазақша білмейтін олпы солпы адамдар болмауы керек.Ел басы ангармаған ғой.Білсе деймін

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 20 Мамыр, 2017, 23:13

    назекеңі кім мына жағымпаздың . әбіштің әкесі назарбай ма !

    Жауап жазу
  8. Жан 30 Мамыр, 2017, 21:04

    Ана тіліміз туралы көп жазылыпта,айтылыпта жатыр.Бірақ нәтиже шамалы.Басшылардың барлығы өз ана тілін білмейтіндер.Сонда ойлаймын бұл шіркіндер қай ортада өсіп жетілді,балалық шақтары қалай өтті.Осылардың ата-әжелері болған жоқ сияқты болып көрінеді.Сонда бұл шіркіндер Қазақ елінде қалай өмір сүріп жұр.25 жылда 25 қазақ сөзін жаттауға болмайма?Жоғарғы білімділер,шет елде оқығандар. Қайта шетте жүріп ана тілін қадрлеу бірінші орында тұруы керек сияқты.Себебі сенің елің -Қазақ Елі сені білім алсын,халқыңа қызмет етсін деп жіберді.Жұмсақ орындыққа отыра салып,мен шетте жүріп өз тілімді ұмыттым деген жай сөз.Сана деген болмай ма?Осылайда жалтарып кетуге болама?Өйтіп қазақ болмай-ақ қой?Барыңнан жоғы оңды. Отаншылдық,сезім,сана,ынта деген қайда қазақтар!?

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 30 Мамыр, 2017, 21:14

    Есектен тұлпар туушыма еді?тексізден-тексіз.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 30 Мамыр, 2017, 22:21

    тұлпар тумасада серейген қашар туады, білмейсің бе

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*