ЭКСКЛЮЗИВ! Қазақстанда Күйшілер одағы құрылмақшы

[caption id="" align="alignright" width="132"]Картинки по запросу шәміл әбілтай Ш. Әбілтай[/caption]

Қазақстанда Күйшілер одағы құрылатын болды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталына сенімді дереккөз хабарлады.

Белгілі күйші Шәміл Әбілтай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазған екен. Аталмыш хатта ол елімізде Күйшілер одағын құру қажеттілігі туралы айтып, Елбасыдан көмек қолын созуды сұраған.

Мәдениет министрінің орынбасары С. Мұсайбеков аталмыш хаттың қаралғанын және Күйшілер одағын құру үшін тиісті құжаттарды Алматы қаласының Әділет департаментіне өткізу керектігі туралы мәлімдеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Мақаланы көшіріп басу үшін "Қазақ үні" ұлттық порталына міндетті түрде гиперсілтеме беру қажет. Авторлық құқықты бұзу ҚР заңымен қудаланады.