ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын құру жоспарға алынып отыр. Осыған орай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қорындағы кітаптармен таныстырып, толығырақ мәліметтер беруді одан әрі жалғастырамыз.

Бұл жолы профессор Константин Харламповичтің «Восстание тургайских казах-киргизов. 1916-1917 г.г.» атты кітабы жайлы айтпақпыз. Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы сирек кітаптар мен құнды қолжазбалар қатарында саналатын бұл кітап Қызылорда қаласындағы «Издание Общества Изучения Казахстана» баспасынан 1926 жылы шыққан болатын.

Константин Харламповичтің түсіндіруі бойынша, кітап куәгерлердің айтуы бойынша жазылған. 1916-1917 жылдары Торғай өлкесіндегі қазақ-қырғыз көтерілісі патша өкіметінің «Июнь жарлығынан» кейін басталған толқу болатын.

Бұл көтеріліс Қазақстанның көптеген өңірлерін қамтыды. Ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай, Ырғыз жерлерінде болып жатты. Профессор Константин Харлампович өз кітабында әсіресе Торғай жерінде өткен ұлт азаттық көтеріліс туралы жазады.

19 жас пен 43 аралығында қазақтарды «қара жұмыс армиясына алынсын» деген патша жарлығы елге таратылады. Патша жарлығы жетісімен Торғай өңіріндегі Тұрсын болысына 1,500 қазақ қарсы екендерін білдіруге келеді. Бұл жөнінде профессор «... в Турсунской волости к управителю явилась толпа казақ-киргизов и полтысячи человек и спрашивала его, даст-ли он началству посемейные списки..» деп жазады. Хан жарлығына сәйкес, ауыл адамдары болысқа тізімді бермеуді бұйырады. Бұл жағдай келесі бір ауылда да орын алып жатты. Шұбалаң болысын бір топ жастар ұстап алып, қамап қояды. Тіпті оны өлтіруге дейін барған. Тек ауылдың 96 жастағы Төке Сүттібаев есімді қариясы жастарды тоқтатып, оның өміріне араша түседі. Қарсы шыққанның өзінде қария патша әскерінің мықты және қаруы күшті екенін түсіндіреді.

Профессор Константин Харлампович қара жұмыс армиясына алу мәселесі туралы қазақ-қырғыздарға қысымның қатты жасалғанын және басқа өңірлерде де дау тудырғанын айтады: «... Такое заключение и было сделано казак-киргизами Тургайского уезда тотчас после оглашения приказа о мобилизации и они даже взяли на себя инициативу восстания в более широком масштабе. Известно, что они послали посланцев с призывом к общеим действиям к Кустанайским казак-киргизам, к Атбасарским, к

Перовским, Иргизским. Но те были ближе к русскому населению и более доступны репрессиям со стороны войнских команд, почему активной поддержки не оказали ».

Сөйтіп, Торғай уезі патшаның жүргізген саясатынан мүмкіндігінше алысырақ болғысы келді. Патшамен келісімге келуді де ойластырады. Тамыз айының басында Орынбор қаласында қазақ-қырғыз сиезі өтіп, онда қазақ әскерлерін шақыру мәселелері көтерілді. Бірақ, бұл кездесу еш нәтиже бермеді.

Осы мақсатта арада бір ай өткеннен кейін Торғайда 1000 қазақ жиылып, губернатормен ашық сөйлеседі. Ел ағалары мен ақсақалдары көшпенді өмірде мал шаруашылығымен айналысқаннан кейін қара жұмыс жасауға да жастардың қажет екенін білдіреді. Ал, Торғай губернаторы Эверсман мынадай шешім шығарады: 100 жылқы мен 200 сиырды 1 адам бағатын болады.

Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысуға айналды. Орыстардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліс жаасауына осы жағдайлар себеп болды.

Патша жарлығына сәйкес, Түркістан мен Дала өлкесінен 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың құжаттарының жоқтығын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» қария кісілердің жастарын кішірейтіп 25-30 жас деп көрсетіп жатты. Ал феодалдар балаларының жасын үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп бақты. Мәселен, 60 жастағыларды 30 жас, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы етіп жаздырды.

Кітапта Ткаченко деген кісінің есімі жиі аталады. Ол өзіне қарсы шыққандардың бірден көздерін жоюға тырысып отырған. Ол жөнінде профессор өз кітабында былай дейді: «Нечего и говорить, что военная прогулка Ткаченко по степи только подлила масла в разгоревшийся уже огонь недовольства казах-киргиз правительством и его агентами, независимо о личности этого господина, не вызывавщего симпатий к себе и в мирное время. Жестокий и грубый вообще, он, опираясь на военную силу, способен был на эксцессы. И действительно, ходили слухи, что Ткаченко вымогал у населения припасы для казахов и даже будто прибегал к порке...».

Кейбір тарихи деректерге сүйенсек, Торғай көтерілісінің ерекшелігі – ең ұзаққа созылған және ұйымдасқан түрде жүргізілді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста ауыл және елді-мекендердің барлығында қазақтардың ешбірі қалмай, патша әміріне қарсы тұруды шешті.

Ресей императорының жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс ұзаққа созылды. Торғай қазақтары тек патша жарлығына ғана қарсы шыққан жоқ. Олар орыс халқына да ашық майданға шығатындарын мәлімдеген. Бұл жағдай орыстарға еш әсер ете қоймады. Орыстардың өздеріне сенгені соншалықты, қару қолданып, күшпен

жеңе алатындарын білді. Сөйтіп олар Торғай станциясын өртеп, халқын қырып салады. Ал аман қалғандары қашуға мәжбүр болды. Тіпті кейбірлерін тұтқындап әкетіп те жатты. «Необходимо отметить еще одну меру, принятую комендантом в интересах самообороны, когда обнаружилось, что немало горожан казах-киргиз уехали из Тургая. Он арестовал 10-18 казах-киргиз. Которые казались ему подозрительными или пользовались авторитетом и могли стать заложниками, ограждающими город от нападения. В числе их оказались два волосных управителя (Турсунский и Чубалакский). Будучи привержены к русскому правительству и не сочуствуя движению, в то же время опасаясь оставаться на местах, они прибыли в город и очутились под замкам...» деп жазады профессор өз кітабында. Сол ұсталған азаматтардың арасында Бекис Мыңбаев есімді молда да бар. Патша жарлығына сәйкес, молда қазақ-қырғыз бүлікшілеріне басу айту керек болатын. Бірақ, қазақтар тарапынан наразылық туған еді. Олар бас көтеріп, айқай-шуға басады. Нәтижесінде молда түк іс бітірмей қайтады да, оны патша әскерлері тұтқындап әкетеді. Осыдан кейін Торғай уезін бөлу басталады. Ең алдымен уезді үш хандыққа бөледі: солтүстік, шығыс және батыс. Солтүстік хандықта Наурызым болысы, Батыс хандығына Тұрсын және Шұбалаң болыстары. Ал Шығыс хандығына қыпшақ рулары кірді. Батыс хандығындағы қазақ-қырғыз армиясын Жәнібеков пен Қалыбековтер, ал шығыс хандығын Амангелді Үдербайұлы басқарады. Екі армияның құрамында 8 мың әскер болған.

Сөйтіп, орыс әскерлерінің біршамасы тұтқынға түседі. Бұл жөнінде де профессор куәгерлердің айтуы бойынша былай келтіреді: «...Общее число руских, захваченных на станциях, не было велико: если даже считать в среднем по пяти человек на каждую из станций в пределах Тургайского уезда, то и тогда получится цифра не свыше 30 человек. Но из них не все погибли. Любопытен рассказ Ф.Николаева, служившего писарем на 4-й от Тургая станции. Лично для него восстание казах-киргиз не было неожиданностью. Он его предвидел и даже докладывал проезжавшему через станцию губернатору, которому заявил о намерении в виду этого оставить службу. ..».

Патша жарлығына қазақ-қырғыз интеллигенциясы қарсы тұрды. Бұл интеллегенция орыс қоғамында тәрбиеленген, білімі бар адамдар болатын. Тіпті олардың біреуі ауыл ақсақалдарына орыс өкіметінің әскери күшіне төтеп беру қиын екенін де айтады. Осы жөнінде кітапта былай жазылған: «За исключением интеллигенции и казах-киргизской администрации, дорожившей своим положением и своей близостью к русскому началству, вся прочая масса населения примкнула к восстанию, богатые также, бедные. При расслоении Тургайских казах-киргиз не по имущественному положению, а породам и поколениям, тургайская степь в отношении к восстанию была одинаково настроена, и когда от него отпали казах-киргизы Аргынского рода, то полностью, без различия между состоятельными и бедными».

Сонымен Торғай қырғыз-қазақ көтерілісі ең ұзаққа созылған көтеріліс болды. Мақаламыздың соңын кітапта жазылғандай етіп қорытындылауды жөн көрдік. «Стихийное в начале и направленное против русских вообще, восстание Тургайских киргиз вылилось, как мы сказали, в форму сопротивления царской власти и ее агентам. О вражде против русских вообще, против частных лиц говорить уже не приходилось. Если кто из последних пострадал и лишился имущества и даже жизни, то это произошло или при первой вспышке возбуждения, когда мотивы недовольства и объекты его не были точно определены, или было результатом озлобленности и кровожадности отдельных киргиз, не подчинявшихся общей линии поведения восставших».

Әсем САҒИҚЫЗЫ