Ақын Ербол Шаймерденұлын еске алу кеші өтті (ФОТО)

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында, ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденұлына арналған «Жүректегі жазулар» атты еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

Кешке Сауытбек Әбдрахманұлы, Сұлтан Оразалин, Оразгүл Асанғазықызы және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, еске алу кешіне арналып «Мәнді өмір – мәңгі өмір» тақырыбында қаламгердің өмірі мен шығармашлығына арналған кітап көрмесі қойылды.

- 1991-1994 жылдардағы Баспасөз қызметіндегі ерен еңбектерімен, өмірлік Ешкім оқымаған, Ешкім білмеген қанатты сөздерді танып біліп, жарыққа шығару еді. Бір жарым беттік афоризм сөздерді жарыққа шығару үшін Асқар сүлейменовтың 3 томдығын, 6-7 парақ афоризмдерді шығару үшін Әбіш Кекілбаетың 12 томдығын оқып шығып қана қағаз бетіне түсіре білген жан. Ақтамбердінің жырларынан бастап бастау алған қанатты сөздері тек қазақ тілінде ғана емс, шет елдің көрнекті ғалымдарының жианқтарында жианп қанатты сөз етіп ұсынған алғашқы жазуш, публицист деуге болады»,- деді еске алу кешінде сөз алған депутат Сауытбек Әбдірахманов.

Ербол Шаймерденұлы 1954 жылы 12 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына арнаған қоғам қайраткері. Ол мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде 1992 жылы қабылданған мемлекеттік рәміздерді әзірлеу, ұлттық геральдиканы қалыптастыру ісіне айтулы үлес қосып, бірнеше еңбектер жазды. Әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын қалдырып, соңында 20-ға жуық кітап қалдырды. Сондай-ақ, бірқатар ғылыми-зерттеу еңбектері, публицистикалық жинақтары рухани мұрамыздың қорын толықтырды. Олардың қатарында «Көңіл суреті», «Жүректегі жазулар» атты жыр жинақтары, «Тыңда тоғысқан тағдырлар», «Қазақ елінің рәміздері», «Елтану әліппесі», «Әз Астана», «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Ақыл-ой антологиясы», «Қазақ афоризмдері», «Даналық дидары», «Мәңгілік мұрат», «Ақиқат айнасы», «Елтаным» және т.б. туындылары бар.