АЗАТ ПЕРУАШЕВ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ақ жол» партиясының төра­ғасы Азат Перуашев «Қазақ­тілді кәсіби журналистер қоғам­дық бірлестігі» мүшелерімен кездесу өткізді. Аталған қоғамдық бірлестік мүшелігіне «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Астана» және тағы да басқа көптеген телеарна журналистері кіреді. Жиын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде өрбіді. Журналистер сол сияқты депутат Азат Перуашевқа өзі жетекші­лік ететін партия жұмы­сына қатысты әртүрлі сұрақтар қойып, барлығына нақты жауаптарын алды. «Ақ жол» ҚДП парла­менттік фракциясы сайлауалды бағдар­ламасын жүзеге асыру және өз сайлау­шыларының мүдде­лерін қорғау бойынша жұмысын жал­ғастыруда. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz