Министрлер Мемлекеттік тілді үйренуге уақыт сұраудан арланбай ма?

Картинки по запросу марат бекетаев

Әділет министрі Марат Бекетаев 1 жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Әділет министрі Марат Бекетаев «ҚР-ның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғаш рет таныстырды. Мәжіліс отырысынан кейін басшы журналистердің сұрағына көбінесе орыс тілінде жауап берді.

Осыған шыдай алмаған журналист: «Соңғы сұрақ. Сіз қазақ тілінде еркін сөйлеу үшін сабақ алып жүрсіз бе? Бізге қашан қазақ тілінде толық жауап бересіз?», - деді журналист министрге.

«Сіздердің қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін. Қазір аптасына 3 рет қазақ тілінен сабақ алып жүрмін. Тырысудамын», - деді Марат Бекетаев тілшінің сауалына.

Сонымен қатар басшы өзінің қазақ тілінен тәжірибесін үнемі жетілдіріп жүргендігін айтып қалды.

«Мен ауылға барған кезде қазақша сөйлеймін. Туыстарыммен қазақша сөйлесемін. Маған қазақша сөйлеген ұнайды», - деп түйіндеді сөзін Марат Бекетаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай қиналған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменова те жарты жылда қазақ тілін үйренемін деп ақталған болатын.