АҚШ елшісі Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады (ВИДЕО)

Картинки по запросу джордж а крол

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж А. Крол және елшіліктегі басқа да қызметкерлер Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай видеоролик дайындады. Әнұран домбыраның сүйемелдеуімен орындалып, видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Достық күші - бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!", - делінген видеоның сипаттамасында.

https://www.facebook.com/usembassy.astana/videos/10155670836355348/