Даниал Ахметов Семейді танымастай өзгертуге уәде етті

© eurasiancommission.org

Даниал Ахметов Семейді танымастай өзгертуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ШҚО әкімі "Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық даму және 2017 жылғы міндеттер" атты брифингте журналистер алдында осындай мәлімдеме жасады.

Әкімнің айтуынша, Семейде "Қарағайлы" ықшамауданының құрылысы басталды.

"Бұл қалада сәулеттік құндылығы бар ықшамаудан болуын қалаймын. Семейде және ШҚО қалаларында әрбір үй, әрбір пәтерде бір жарым гараждың орны болады. Мұндай ықшамаудан салынып жатыр. Оның үстіне барлық үйде әлеуметтік нысандар болады", - дейді өңір әкімі.

"Семейді танымай қаласыздар, рас айтам, жақын арада. Қыркүйекте келіңіздер, жағалаудың қалай өзгергенін көре аласыздар. Ол мүлде басқа болады, алдағы уақытта орталық алаң, көп нәрсе өзгереді", - деп сендірді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, әкім Семейде болып жатқанның барлығын қадағалап отырғанын айтады.

"Ай сайын осы қаламен жеке өзім айналысамын: барлық осал тұстарын білемін. Ондаған мәселелі тұстарын атап бере аламын", - деп аяқтады сөзін облыс әкімі.