Елбасының Димашқа бата берген видеосы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясының басында Димаш Құдайбергенге бата беріп келіп отырғанын айтқан еді. Енді әлеуметтік желіге президенттің әншімен кездесуінен түсірілген видео шықты. 

Бейнежазбаны Димаштың әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаев өз парақшасына жариялап, "Батамен ел көгерер", ақ тілегіңізге көп рахмет, қадірлі Елбасы!" деп жазған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Желі қолданушылары Димаштың президенттің алдында отырып айтқандарына қарап, жас әншінің сөз саптауына сүйсініп жатыр.

">