Қарағандылық жігіттің жүргізуші куәлігі желіде қызу пікірталас тудырды (фото)

Қарағандылық азаматтың оғаш көрінетін жүргізуші куәлігі Қазнетті дүрліктірді. 26 жастағы жігіт барлық санаттағы көлік түріне жүргізуші куәлігін алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандылық жігіттің жүргізуші куәлігі желіде қызу пікірталас тудырды (фото)"Бұл әлемде бәрін жүргізе алсаң", "Мен 40 жасымда В санатын ғана алғаным үшін мына 26 жастағы жігіттің алдында ұялып отырмын", "Ол куәлігін сатып алмады дегенді дәлелдеуге тырыспай-ақ қойыңыз", - деп жазған пікір қалдырушылар.

26 жастағы жігіт әп сәтте танымал болып, таңданғандар оған желіде хабарламаларды қарша боратқан. Тіпті ресейлік университет жас жігітті оқуға шақырып үлгеріпті.

"Маған күніне 60-70 хабарлама келетін болды. Мен оларды ашпадым да. Бәрі менің қалайша бар санатты қорғап шыққанымды сұраумен болуда", - дейді Ілияс NUR.KZ тілшісіне.

Жігіт куәлікті сатып алды деп айып таққандарға жауап берді.

"Бір нәрсені қатты қаласаң, қол жеткізесің, Мен де қатты қаладым. Бұл маған ойын секілді көрінді. Мен жүргізуші емес, дәрігермін. Сол үшін бұл санаттардың бәрін алу маған қызық болып көрінді", - дейді ол.

Ілияс куәлікті сатып алмағанын және оған дәлелдер барын алға тартты.

"Мен 18 жасымда В және С санаттарын жүргізуді үйреніп алдым. Көлік басқаруды әкем мен бауырым үйреткен. Біртіндеп басқа санаттарды да басқаруды үйрендім", - дейді жігіт.

Бұл жайттардан кейін жас жігітті ресейлік Синергия университеті оқуға шақырыпты. Олар мұндай тұлғаларға қызығушылығы жоғары екенін алға тартқан.