Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мектеп оқулықтарында МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІСКЕ үгіттейтін өлеңдер жүр – Мырзатай Жолдасбеков

Картинки по запросу мырзатай жолдасбеков

Қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Мырзатай Жолдасбеков мектеп оқулықтарында қазақ ақындарынан гөрі, орыс декабристерінің төңкерісшіл ұран сөздері басым екенін енді аңғарып, таң қалып отырғанын айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Үстелдің үстінде шөберемнің кітабы жатыр екен, «Русская литература» дейді, 8-сыныпқа арналған. Мен білмеймін, қандай адам бекіткен бұл оқулықты. Және «Мектеп» баспасы шығарған. Іші толған былық. Баяғы декабристер, Рылеевтің өлеңі жүр, Призывы к свержению власти… Біз соны оқытуымыз керек пе?

Мәселен, мына балалардан сұрасам, Мұқағалиды білмейді.

Мұқағали менің үш бақытым бар дейді. Бірінші бақытым — ол менің ұлтым, екінші бақытым — тілім, үшінші бақытым — Отаным! Өлеңдерін оқысаңыздар, тұтас ұлттың құндылықтарын құрып отыр», — деп атап өтті ғалым «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұлт мүддесіне сай келетін келелі мәселелерді атқару маңызды.

«Мен енді ойлаймын, Елбасымыз бізге осындай тапсырма беріп отыр, мұрсат беріп отыр, барлығымыз енді бар күшімізді салып, осы рухани жаңғыру мақаласындағы айтылған мәселелердің барлығын жүзеге асыруымыз керек. «Туған жер» бағдарламасы бәріміздің көкейімізде болды. Бәріңіз мектепте оқыдыңыздар, Сізге өз туған ауылыңыздың қасындағы төбенің өзін оқытқан жоқ, қайдағы бір Бангладештегі, Африкадағы өзенді, Жердің түбіндегі адам білмейтін Америкадағы ауылдарды оқытты.

Біз енді «Туған жер» бағдарламасы арқылы осыны қолға алуымыз керек, өйтпесек, біз қандай патриот дайындаймыз?!

Ұлтқа жанын салатын адамдарды дайындау үшін алдымен туған жерін сүюі керек, ұлтын сүюі керек, өзінің туған халқының тарихын білуі керек және оның әдет-ғұрпын, салтын сақтауы керек деп ойлаймын», — деп түйді сөзін Мырзатай Жолдасбеков.





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. А.А.Төлегенов . 21 Сәуір, 2017, 23:17

    Министр теріс бағып отыр.Себебі ол қазақ халқының шынайы болмысын , ар-НАМЫСЫН ,басты мақсатқа жеткізеді деп халық сеніп , қалап алған қасиетті биігін ,киелі құндылық тарының мəнін ұқпайтын болуы мүмкін .

    Жауап жазу
    • ДАУЛЕТ. 22 Сәуір, 2017, 14:37

      ОРЫННАН АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК,ОНДАЙ ШАЛА МИНИСТІР КІМГЕ КЕРЕК.

      Жауап жазу
  2. Іңкәр 21 Сәуір, 2017, 23:55

    Оқулықтардың мазмұнын таңдау кезінде Білім министрлігінде,Мырзатай ағамызбен,кешегі Елбасымен кездескен ақын-жазушыларымыз сияқты зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек стол басында бірлесіп отырып шешкенде осындай жағдайлар орын алмаспа еді?.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2017, 00:09

    Сонда получается Сағадиевт мемлекеттік төңкерісті насихаттап жүр ме

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2017, 00:12

    Сағадиевті орнынан алатын уақыт әбден жетті ғой. Елбасының өзі айтты өткенде класификаторларды қос деп. Сонда елге өтірік айттып отыр ғой бұлар. Халықты ақымақ санайды. Мұндай министріміз бар болса елімізге жаудың қажеті жоқ.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2017, 08:02

    Кошмар. Біздегі оқулықтар мүлдем сын көтермейді. Математикада мүледм тупой сурақтар жүр. Әдебиетің мынау. Ұрпақты малғұн етуді көздеп отыр ау бұлар.

    Жауап жазу
  6. Тортай 22 Сәуір, 2017, 09:26

    Мырзекеңнің ыңғайлы жаққа ауа салатын мінезін білеміз ғой. Алайда, өте дұрыс айтып отыр. Рылеев мемлекеттік төңкерісті насихаттап атылып кеткен 5 декабристің бірі. Силовой захват властиді насихаттаған Білім министрлігі әбден былыққа батты. Өткенде ғана елді шулатып еді. Елді шулатқаннан басқа осы министрлік не бітіріп жүр осы?

    Жауап жазу
  7. Шахан 22 Сәуір, 2017, 12:50

    Мырзатай аға өте дұрыс айтқан.Одан артық не айту керек.Тек тыңдар құлаұ бергей деп тілейік.Бірақ жоғары үстелде отырғандар мырзатай аға айтқан «ауылындағы төбені» оқымағандардан болып тұр ғой.

    Жауап жазу
  8. еділ қаған 22 Сәуір, 2017, 14:13

    ондай оқулық кітап барлығымыздың үйімізде бар ғой, жалғыз мырзатайдың үйінде дейсің бе. көріп, естіп келе жатса да үндемей келе жатқан. ал бүгін сәті туып, ретін тауып бәрінің аузы қыши қалыпты…бәрін қозғаған болашаққа бағдар – рухани жаңғыру ғой. бір сөзбен айтсақ, қазір билік басындағыларға ел алдында ақталу, күнәсінен арылу, санадан айығу жүріп жатыр. ертерек қуанбаңдар, аяғын күтейік, бізсізде жасайды.

    Жауап жазу
  9. тараздық 22 Сәуір, 2017, 22:07

    неге халық болып осындай былықтарды жасап отырған Сғадиевті алып тастауын талап етпеиміз ЕЛБАСЫДАН ұрпақты мәңгүртеитін міністір бізге керекгі жоқ

    Жауап жазу
  10. маханбет 22 Сәуір, 2017, 22:40

    сонда халықты құлдық санада тәрбиелеп ұрлық пен жиған байлықтарыңды қорғап қалмақсыңдар ма. халық билікке емес билік халыққа есеп беруі керек.

    Жауап жазу
  11. еділ қаған 23 Сәуір, 2017, 22:12

    келісемін, пікірлеріңнің жаны бар. сағадиев алдыңғы өз олқылықтарынан, ел ескертпесінен сабақ алды, кемшіліктерді ескерді ғой. оған мүмкіндік беру керек, орынсыз ұрына беру дұрыс емес. бұл бұрыннан бар кемшіліктер. маған оның орыс сыныптары оқушыларын басқа емес, 100 пайыз қазақша сөйлету жоспары пікірі ұнады. бұл алдағы мақсат, жоспары. оны әркім біле бермейді, яки хабардар емес. уақыт көрсетеді.

    Жауап жазу
  12. Май или июнь 1826 К.Ф.Рылеев. Полное собрание стихотворений. Библиотека поэта. Большая серия. Ленинград: Советский писатель, 1971. 25 Сәуір, 2017, 00:29

    Для цели мы высокой созданы:
    Спасителю, сей истине верховной,
    Мы подчинять от всей души должны
    И мир вещественный и мир духовный.
    Для смертного ужасен подвиг сей,
    Но он к бессмертию стезя прямая;
    И благовествуя, мой друг, речет о ней
    Сама нам истина святая:

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*