Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев Исекешевке: «Ештеңе бітіріп жатқан жоқсың!»

Нұрсұлтан Назарбаев үгілген плиткаларға қатысты Астана билігін сынға алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қонақтарды күтейін деп жатыр екенбіз. Кейбір үйлердің алдыңғы жағын қараңыздаршы. Осы плиткалардың барлығы Президенттің дәл алдына түсіп жатыр, ешкімнің шаруасы жоқ», – деді Мемлекет басшысы Ақорда маңындағы аллеяның суреттерін көрсете отырып.

«Жаз да келіп қалды. Ал олар қирап жатыр, тозып кеткен. Осы ғимараттардың иелері оларды ретке келтірмей жатыр, себебі олардан бұл туралы ешкім де сұрап жатқан жоқ», – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент Астанаға жарасатын түстерді айтып өтті.

«Мен әкімдерге үнемі айтамын: «… Меніңше, біздің қаламызға көк, сары және ақ түстер жарасады. (…) Оңтүстіккореялықтар жақсы пәтерлер мен үлкен үйлер салады. Ал бізде барлығы сұр түсті. Тұрғын үй емес, Ішкі істер министрлігінің ғимараты сияқты. Ақ түсті үйлер де болуы керек қой. Мұның не қиындығы бар? Олар осында ма? Біз неге сіздерді осы жұмысқа тарттық. Сіздер үйлерді жақсы саласыздар, оған алғыс айтамын. Бірақ сіздер салған аулалардың түрі үйлерден нашар», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке қала орталығында ескі үйлердің бар екенін айтып өтті.  Ал осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен болатын.

«Үйлерді жаппай салуда – талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі – Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп.





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 23:15

    Қояндыға баратын жолдағы қоқыс полигонның иісі қашан жоғалады екен?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*