Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Жақсыбековтың кезінде де мұндай болмаған» – Назарбаев Астанадағы құрылыс қоқыстары туралы

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөкті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Үйлерді жаппай салуда – талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі – Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары», – деді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп.

«Қыстан кейін мұндай мәселелер болып тұрады. Біз қазір заң жүзінде реттеуді қарастырып жатырмыз, себебі өкінішке орай құрылысшылар сыртқа шығарады, шашады, ешкім мұны реттеп жатқан жоқ», – деді әкім Мемлекет басшысының шағымына.

«Ол міндетті: үй салды, жан-жағын тазалады, сонымен қатар ағаш отырғызуы керек. Ал ол болса жан-жағын жинастырмайды да. Себебі біз оны талап етпейміз. Айыппұл салып, осы үшін жауапкершілікке тарту керек. Сен қоқыс бойынша есеп бердің, ал міне қоқыс жатыр», – деді Назарбаев.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» кеңсесінде халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне, сондай-ақ, ҚР Президентінің төрағалығымен Астананы дамытуға қатысты мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр.





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 22:27

    нұрекең енді таңғы 5 те тұрып астананы күн сайын өзім аралап тұрам дейді….исекеш ұйықтап қалмасын, қарап қойыңдар.

    Жауап жазу
  2. шал 22 Сәуір, 2017, 10:37

    элитасымак жаксыбеков жиында миыгынан кулип коиды .

    Жауап жазу
  3. Думан 22 Сәуір, 2017, 13:04

    Негізі президентті түсінуге болады. Алда еліміз үшін маңызы зор іш-шараны өткізу керек. Әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар келек. Олардың алдында масқара болмауымыз керек.

    Жауап жазу
  4. Назар 22 Сәуір, 2017, 13:17

    Дұрыс, президенттің жынына тиген болар жергілікті атқа мінерлер.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2017, 18:10

    Қояндыға баратын жолдағы қоқыс полигонның иісі қашан жоғалады!

    Жауап жазу
  6. Серік Алматыдан 23 Сәуір, 2017, 21:27

    Біздің Басшымыз осы 25″ жылда айналдырған 20 – 30 ғана адамы бар (қарта
    ойынына керекті колода
    сияқты олардың қолынан əкім болу , міністр болу , елші болу келе ме , келмей ме , əйтеуір ауыстырып қоя береді . Өмірінде қолына мылтық ұстап көрмеген адамды Қорғаныс міністірі қылып тағайындайды ?????? Əр іске қолынан іс келетін адамдарды қойса Қазақстан əлдеқашар гүлденіп кетер едік !!!!!

    Жауап жазу
  7. Қайсар 24 Сәуір, 2017, 14:04

    осылай бір шықпыртып, тізгіндеп алмаса болмайды әрине, Елбасы дұрыс істейді!

    Жауап жазу
  8. Назым 24 Сәуір, 2017, 14:05

    Елбасы онсыз да іссапардан іссапарға, елдің басқа маңызды шаруаларымен шапқылап жүреді, осындай кезде қынжылтқандары жарамады…

    Жауап жазу
  9. Зарина 24 Сәуір, 2017, 14:06

    Осы ескертулерден қорытынды шығып, жанталасып нәтиже көрсетсе қанеки!

    Жауап жазу
  10. Талғат 24 Сәуір, 2017, 14:06

    Тойдың болғанынан боладысы қызық ддеген, мұнсыз да болмайды.

    Жауап жазу
  11. Мадина 24 Сәуір, 2017, 14:07

    мерзім жақындаған сайын тақымды қысып, жіті дайындалудамыз, абыроймен атқаруға жазсын!

    Жауап жазу
  12. Саян 24 Сәуір, 2017, 14:08

    Бұйырса жақсы нәтиже көрсетеміз, осы қаланы былғамай, өзіміз де мәдениетті болуға ұмытлайық.

    Жауап жазу
  13. Раушан 24 Сәуір, 2017, 14:08

    барлық нәрсе енді жіті қадағалауда, Елбасы осы бастаманы өзі көтеріп, көңіл бөлгендіктен уайымдайды әрине.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*