Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына сын айтқаны үшін ұсталмаған – адвокат

Адвокат Бишимбаева заявил, что его подзащитный не признает вины и не критиковал президента

Алматыда экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты баспасөз мәслихатын өткізіп, БАҚ-та тарап жатқан ақпараттар туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бишімбаевты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа сын айтқаны үшін қамауға алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы vlast.kz-ке сілтеме жасап «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

«Ағымдағы айда БАҚ-та Бишімбаевтың мемлекет басшысының атына сын айтқаны туралы ақпараттар тарады. Қорғалушым ешқашан ондай іске бармаған. Ол мемлекет басшысына өзіне жасаған барлық жағдайлары үшін алғыс ғана айтады», – деді адвокат Сәлімжан Мусин.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қаңтардың 10-күні қамауға алынған болатын. Қамау мерзімі мамыр айына дейін ұзартылған.





11 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казакпай. 21 Сәуір, 2017, 13:36

    Усынысым бар. Жогаргы лауазымды басшыларды (окмет,парламент,сенатор,акимдер,департамент,банкир) урлык,пара алып усталса ОЛИМ ЖАЗАСЫН БЕРУ КЕРЕК.СОНДА БАСКАЛАРГА САБАК БОЛЫП, ЖЕМКОРЛЫК АЗАЯР ЕДИ. Казирги зан сол жемкорлар ушин жазылган.Миллиондап урлайды,усталып калса бир айдан кейин амнистия деп бостандыкка шыгады Кейин урлаган акшанын кызыгын кореди.ОЛИМ жазасы болса коркар еди.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 16:49

    қазақбай, осы сен сирақтан бүйрек шығарады да жүресің дегендей… қазақ атаң ақ патшадан шен алам, болыс болам деп орыстың аузын парамен тығындаған кісі ғой. мына өзіне тиесілі 2 сотық жерін де, бостандығында осы парамен сатып алғанына келісерсің. алдымен кім-кімді сотқа беретінін келісіп алайық.

    Жауап жазу
  3. Қазақ. 21 Сәуір, 2017, 17:01

    Ағымдағы жыл дегеннен,биылғы жылы, я болмаса осы жылы деп жазылса дұрыс болар еді. Ағымдағы деген в текущем году-деген орысшаның тікелей аудармасы. Қашан қазақ боламын? Орыс тіліне еріп келе жатырмыз.

    Жауап жазу
    • Нұрбол 23 Сәуір, 2017, 12:31

      Дұрыс айтасыз. Ағымдағы жыл деген сөз орыс тілінен тікелей аударыла салған. Быйыл (биыл) сөзі қолданылу керек. Быйыл сөзі бұл жыл деген сөздерден құралған

      Жауап жазу
  4. Мен qoi. 21 Сәуір, 2017, 17:07

    Өзбекстанда 3 шыны зауыты салынып жұмыс істеп жатыр. Бізде жалғыз салынайын деп жатқан зауыттың ақшасын ұрлап жатыр. Сынаса да, сынамаса да ақша кетті.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 21:33

      Озбекстанда планшет, смартфон шыгаратын заводтар истеп жатыр, биздерде 200 млн тенге акша берип, не завод, не акша жок…

      Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 22:29

    монголия өз кораблдерін жасап ғарышқа ұшырды ғой. бізде әлі есек арба да жоқ

    Жауап жазу
  6. шал 22 Сәуір, 2017, 10:42

    коленкесинен коркатындар кандаи сын аитты екен билетиндер болса намек кылындаршы .

    Жауап жазу
  7. Лақай Көкмиов. 22 Сәуір, 2017, 11:16

    Біз дайын бұйымды орыстан ала береміз. Бірақ брактарын. Ол бізге жарай береді. Мысалы КАЗСАТ 1,2,3 тер жоғала береді.

    Жауап жазу
  8. Алмат 22 Сәуір, 2017, 14:46

    Не айтқанын бажасы депутат Бақытбек Смағұлдан сұрау керек

    Жауап жазу
  9. маке 23 Сәуір, 2017, 08:50

    Қуандық бі өзі жасағанына ешкім сенбейтін шығар сірə

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*