Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстанда мұсылмандарға ортақ киім үлгісі тігілетін болды

Картинки по запросу хиджаб

Қазақстанда жақын арада мұсылманның ортақ киім үлгісі пайда болады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Елбасы айта-айта әбден жауыр болған қауға сақал мен қара жамылғы дауына соңғы нүкте қоюға пәрмен берді. Тіпті болмай жатса, заңмен тыюды қарастырыңдар деп қатаң айтты. Назарбаевтан күні кеше тапсырма алған дінге жауапты министрлік іске кірісіп те кеткен екен.

«Сапсиған сақал, қысқа балақ арқылы мұсылманның сипаты насихатталғанда — бұл қоғамды үрейлендіреді. Мұсылмандық туралы қалыптасқан құндылықтар жойылады. Бұл жерде сөзсіз ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келеді. Сондықтан бұл үрдісті тоқтатар нақты шаралар қабылдануы керек», — дейді  ҚР Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Құлекеев.

Шараның бірі мұсылманның сырт келбеті. Енді қап-қара боп алабөтен болған қыздардың киімі ашық түсті орамал, көйлекпен алмастырылмақ. Ең бірінші медресе шәкірттеріне тігілетін мұсылмандық киім үлгілерін қоғам құптаса, көпшілікке ұсынылады.

«Дәл қазіргі уақытта медреседе оқып жатқан қыздарымызға, шәкірттерімізге ашық түсті, көк түсті киім үлгілерін дайындап жатырмыз. Ол киім үлгілері шариғатқа да сай, дәстүрімізге де сай, жалпы қоғам алдында оғаш көрінбейтін киім үлгісін дайындап жатырмыз», — деп мәлімет берді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ағабек Қонарбайұлы.

Мұсылман киімін бүтіндеуден бөлек, молдалар алдында тұрған одан зор міндет бар. Жамағатты ұйыта алмайтын, сөзі өтімсіз имамдарды мемлекет басшысы сынады. Бұдан былай шариғаттан аса алмайтын, сыңаржақ дүмше молда дін ісінен шеттетілуі мүмкін.





8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казакпай 21 Сәуір, 2017, 14:04

    Дни баскарма деген Аты болмаса,баска ештене Жок.Арамтамактар.Куран окытсанда акша сурайды,олимде жаназасын шыгарсада акша сурайды.Акша сурамайак окыса барибир беремизгой,олардында жануиалары бар.Моллалар оз миндетин тегин орындауыкерек. Уй иеси оны ешкашан бос жибермейди.Жанагыдай акша ушин куран окитындарды коргеннен кейин Олар мусылман емес арамтамактар деп ойлаймын.

    Жауап жазу
    • Нур 21 Сәуір, 2017, 16:09

      200тг тастаган садакага кун коре ме екен. Алде бир жарытып жагдайын жасаган един бе? Озин бирнарсе истесен акша сурайсын ал имам енбек акысын сураса арам тамак дейсин.

      Жауап жазу
    • Әкпар 21 Сәуір, 2017, 22:51

      Ақша төлемеу үшін өзіңіз оқуды үйреніңіз, сауабы да көбірек болады. Молдаларды да сынамайтын боласыңыз.

      Жауап жазу
  2. алшын атырау 21 Сәуір, 2017, 17:36

    қазақбай, айтарың болмаса қоя қой. тақырыпты дұрыстап оқып алып, соған қатысты сөйле. кеше елбасы айтты ғой «ұлт болып ұйысуды қаламайтындар жік шығаруға бейім» деп. маған бұл бастама ұнап тұр. қазақтың өз менталитіне тән киімдер, оны жаңа үлгіде тіктіріп алсақ, көптеп шығара алсақ ел жаппай киер еді. қазір еуропадағы мәдениетті қазақ диаспорасы өз ұлтының осындай киімдерін киеді.

    Жауап жазу
  3. алшын атырау 21 Сәуір, 2017, 17:45

    нур, саған да айтарым, сенің шынында ешуақытта қасиетті мешіттердің табалдырығын аттап көрмеген надан кісі екеніңді осы сөздеріңнен көруге болады. мешіт төңірегінде кембағал, жоқ жітік адам жүрсе, әрине, осындай қайыр садақамызды беріп кетеміз. ал іштегінің де жөні бөлек , ол да мешіт атынан жиналып, осындай шараларға қол ұшы беріледі, көмектеседі. қолымыздан келсе бізде мешітке көмек береміз.

    Жауап жазу
  4. Мира 23 Сәуір, 2017, 16:58

    Дұрыс шешім қабылдаған екен

    Жауап жазу
  5. Зулфия 4 Мамыр, 2017, 13:34

    Мектеп мұғалімдеріне де арналған
    хиджап киім шығарса жақсы болар еді,әрине киемін дейтіндерге.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 21 Мамыр, 2017, 23:33

    Хиджаб казактында арабтында кими емес мусылманнын кими сондыктан барлыгы адеми узын кисе жаксыго бут борбаиларын ашып тырсыимаи

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*