Еш нәрсе зиянын тигізе алмайтын дұға

Похожее изображение

أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ

Ә‘уузу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халәқ.

Мағынасы:

Алланың мінсіз сөздерімен* күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!

Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (Оған Алла разы болсын) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен: «Бір кісі Алла елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Кеше түнде мені шаян шағып алды – деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шақты. Сонда Пайғамбарымыз(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», – деген екен.

Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих (Оған Алла разы болсын): «Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», – деген.

Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген.

Құран Кәрім және Алла Тағаланың көркем есімдері мен сипаттары

(Муслим, Китәбу әз-зикр 4883; Сунәну Тирмизи, да‘ауат 3359; Сунәну Ибни Мәжа, тыб 3538)

"Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары" кітабынан