"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мәдениет министрі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созды (ФОТО)

Фото Erlan Sairov.

Мәдениет және спорт министрлі Арыстанбек Мұхамедиұлы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Бүгін министрлік пен министрлікке қарайтын ұйымдардың қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге қосылды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі #TaskynKomek көмек жинау штабымен бірлесе отырып, Ақмола облысының зардап шеккен аудандарына 30 қап ұн мен 20 қап күріш жеткізілуін ұйымдастырды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаржы жинап, зардап шеккендер қорының есебіне 600 мың теңге аударды.

«Астана Опера» театрының ұжымы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына біркүндік жалақыларын аударды. Театрдың көптеген қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы Қоғамдық штабқа бұл қиын жағдайда қалған адамдарға арналған тамақ өнімдері мен киім-кешек жолдау арқылы халық акциясына қолдау білдірді.

Фото Erlan Sairov.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 17:06

    Министрлерге 1 жылдық айлықтарын беру керек.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 18:00

    мәдениет қызметкерлері жалақылыры аздау, дегенімен жарады. кекетіп мұқатуды қойыңыздар. бастама жасаушыларды қолдаңыздар. күн суытады. аяз, жауын шашын болады деп жатыр. қандастарыңның қайғы ауыртпалығын көтерісіңдер. қол ұшын беріңіздер. биыл астық та егілмей қалатын болды, қанша егістік жер , ауылдар , мал жан суға кетті. ойланыңдар.

    Жауап жазу
  3. алшын 20 Сәуір, 2017, 18:03

    Дұрыс болды. Қиын сәтте халыққа қолынан келген жақсылықты жасап жатқан министрге алла разы болғай. Фейсбукте отырып алып сөзбен батыр болғандардың үні өшсін. Міне, нақты іспен өзінің ер екенін дәлелдеу деген осы. Министр ғана емес, жанындағы барша аптал азаматтарға алғыс айтайық.

    Жауап жазу
  4. Арман 20 Сәуір, 2017, 18:03

    Бәрекелді! Жарады Арекең! Мынандай сын сағаттарда қол үшін бергеніне Алла разы болсын. Қазақстанда қанша министр бар, солардың ішінде су тасқынынан зардап шеккендерге қол үшін созған жалғыз Арекең боп тұр. Басқа министрлерге үлгі болсын.

    Жауап жазу
  5. Садақ 20 Сәуір, 2017, 21:39

    Жарайсыз министр мырза!

    Жауап жазу
  6. Жебе 21 Сәуір, 2017, 20:06

    Кыргызга канша миллион доллар барген ед!к. Ауганыстанга канша комек берд!к. ЭКСПО канша миллиардты жутты министрлер шенеун!к актёрлер канша миллиардттарды ти!мс!з пайдаланып куртты суга кеткен елге 20-30 капшык астык бер!п министрд! жарнамалау к!мге керек КАЗАК УН! ТЖ болып кеткен бе?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*