Валюта бағамы USD : 335.24 | EUR : 395.82 | CNY : 50.65

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бекболат Тілеухан ҰБТ-ға Баян Есентаева жайлы сұрақтарды қосқандарды жазалауды ұсынды

Картинки по запросу бекболат тілеухан

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке ҰБТ-да қарастырылған сұрақтардың сапасы бойынша депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттың айтуынша, білім беру саласындағы әрбір жаңашылдықтың идеологиялық және рухани даму мақсаты болуы тиіс.

«Білім беру саласы эксперимент жүргізетін алаңға айналғаны алаңдатады. Білім беруге қатысты бірде-бір мәлімет жауапсыздықпен жасалмауы тиіс, себебі қорытындысында әрбір мәлімет баланың дамуына, азаматтық ұстанымына, отанға деген сүйіспеншілігіне және тарихи танымына әсер етеді», – деп есептейді мәжілісмен.

Ол қазақстандық БАҚ-тарда жарияланған ҰБТ сұрақтарын мысалға келтірді. Бұл сұрақтарда белгілі адамдар болған.

«Тестілеуде Ермек Тұрсынов, Баян Есентаева, Нұртас Адамбай және шоу-бизнес пен эстраданың тағы да басқа өкілдері туралы сұрақтар бар. Тіпті спортшы Геннадий Головкин туралы сұрақта да мәселе бар. Қазір халықтың пікірін әлеуметтік желілер арқылы білуге болады. Соған қарағанда, халық уайым шегіп отыр. Мысалы, солар Есентаева пен Тұрсыновты балаларға мысал ретінде көрсеткенімізден не пайда көреміз деп отыр. Біреулері бұл сұрақтардың ішінде Фредди Роучтың (америкалық бұрынғы боксшы әрі бапкер – Авт.) не істеп жүргенін сұрайды. Халық мұндай сұрақтарға таңғалды. Шын мәнінде ол біздің рухани кодымызға, рухани жаңаруымызға үлес қосқан тұлға ма еді?», – дейді Бекболат Тілеухан.

«Кейбіреулері тіпті «Головкинді жақсы көреміз, бірақ ол Олимпиада чемпионы емес» деп те жазып жатыр. Жарайды, Шишигина мен Сәпиевті депутат болғандықтан қоспады. Бірақ біздің Олимпиада чемпиондарымыз бар ғой, мысалы Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов. Фредди Роуч, Гонзалес, Кличколардың бізге не қажеті бар?», – деді мәжілісмен.

Депутат министрден осы сұрақтарды құрастырған адамдар жазалана ма деп сұрады.

«Көпшіліктің наразылығын туғызған адамдарға лайықты жазасы беріле ме? ҰБТ тапсырмаларында осындай ірі қателіктер жіберген тестологтар жұмыстан шеттетіле ме? Меніңше, мұндай түсінбестіктер жүйенің өзінен шығып жатыр. Сондықтан оқу бағдарламасы, оқулықтар және ҰБТ жүйесі өзара байланысты болуы тиіс. Екіншіден, осындай маңызды мәселелер қоғамдық талқылаудан өтуі керек. Ұлттық кодқа, рухани жаңаруға үлес қосқан тұлғалар осы сұрақтарда болуы керек», – деді Бекболат Тілеухан.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сұлу 20 Сәуір, 2017, 20:49

    Мəжілісмен өте орынды айтып отыр.Біздің балаларымызға Баян Есентаева,Нұртас Адамбаев т.б.қай жағынан үлгі -өнеге бола алады?!ҰБТ сұрақтары оқушылардың,болашақта тəлімгерлердің бойына патриоттық пен Отансүйгіштік,ұлттық идеологияны сіңдіре алатындай болуы қажет!

    Жауап жазу
  2. Хаблап ,,а 20 Сәуір, 2017, 21:28

    Бекболат ага оте дурыс аитады оларды жазалау керек балаларга булар несимен улги болмакшы

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 23:51

    Дұрыс. Қатын Баянды жырлағанша Батыр Баянды жыр етейік ағайын!

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 00:14

    неше жыл береді екен

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 01:37

    Головкин елимиздин туын көкке көтеріп жүр, ал Есентаева не истепти?! Есентаваны қазақ елинин өнер ,мәдениет саласында жүргізуге болмайды деп ойлаймын

    Жауап жазу
  6. Амина 21 Сәуір, 2017, 08:20

    Ия Бакболат ага дурыс айтасыз. Кайдагы треке тургысыз шоу бизнестин адамдарынын не катысы бар. Жогарыда айтылгандардын но кайссынын бойнан балага талим тарбие беретин касиеттери жок. Бунин бари билим министрлигинин сауатсыздыгынан. Кезиндеги барлык казак баласы Алиппемен ак сусындап оскен еди оныда куртты. Енди келип сози олендери бир бирине уйкаспайтын сауат ашу озин ози тануды шыгарды. Озин ози тануда уйкаспайтын олен жолдары толып жатыр. Айта берсен толып жатыр. Бирак оны тындайын министр барма. Жалгыз Бекболат аганын шырылдаганы болмаса.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*