Валюта бағамы USD : 332.7 | EUR : 389.99 | CNY : 49.72

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мемлекет басшысы сақал қойып, бет тұмшалайтындарға заңмен тиым салуды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Діни басқарма өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Назарбаев сақал қоятындар мен тұмшаланатындарға қатысты пікір білдірдіЕлбасы басқосуға келген басқарма өкілдеріне діннің Қазақстан халқының өмірінде алатын орнының ерекше екенін атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың діни сауатсыздығына аса назар аударды.

«Діни сауатсыздықтың салдарынан жастарымыз сақал қойып, балақтарын қысқартып тастаған. Сондай-ақ, өздерін қара киіммен тұмшалап алатын қазақстандық қыздар саны көбейіп барады. Бұл біздің салт-дәстүрімізге де, халқымызға да сай емес. Бұған заң жүзінде тыйым салу туралы сұрақты қарастыру керек. Қазақтар қара киімді қайғылы жағдай кезінде ғана киеді», – деді мемлекет басышсы кездесу барысында.

Картинки по запросу ниқаб

Картинки по запросу сақалдылар





10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Арыс 20 Сәуір, 2017, 12:03

    Дурыс колдаймын! Сакал кою миндетти емес. Журегин Алла деп соуса болды.

    Жауап жазу
  2. Арыс 20 Сәуір, 2017, 12:05

    Сокса деп окыныз

    Жауап жазу
  3. Кенесары Қаптағаев 20 Сәуір, 2017, 12:10

    Кім не киеді? Әркім Өзі біледі.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 12:31

    Сақал қойған ерлер және әурет жерлерін жапқан әйел адамдарды сөге бергенше, одан қайта орысша сөйлеген қазақтардан, шаштарын жинамай жайып жүрген әйел-қыздардан қорқу керек. Жайлап жайлап Ресейге кіріп бара жатырмыз.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 12:33

    Жоғарыда отырған басшылар өздерінің шкурасы үшін Ресейге жалтақтауын қоймайды.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 15:37

    Мына отырған Имандар өздерінің пікірлерін ашық айта алмайды, қорқып отыр, солардың Имандықтарын біреулер тартып алатындай. Қазір президент басқа нәрсе айтса оған да жоқ демейді бәріне көніп отыр. Имандар бірінші Аллаһ Тағалаға құлшылық жасап, Құранды басшылыққа алу керек.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 15:40

    Мысалы Шешенстан Республикасында президенті не деді МОН бастығы Васильеваға Шешен елінде мектептегі қыздар орамалмен жүреді деп басымды кесіп алсаң кесіп ал деді ғой. Молодец Қадыров!.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 19:00

    пікір білдірушіге ! олар шииттер ғой, қалқам. оларға жарасады. әрине мұсылман халық болғанымен олар да ирандықтар сияқты, әдет ғұрып басқа. біз суниттерміз, шариғат қағидаттарынан артық аса алмаймыз. айырмашылық сырт киімдерімізде де бар , біз ақ киінсек, олар қара киінеді. үкімет басындағылар ол ерекшелікке мән бере бермейді. мәселе осында сияқты.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2017, 15:46

      Өзің қысқа нұсқа шиит пен суниит екеуін түсіндіріп берші,Өзің білесің бе , олар кімдер ?

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*