"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ислам Әбіш су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады

 

2017 жылғы 17 наурыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбіш су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылордада су тасқыны бойынша қауіп бар. Бірақ, оның өзі айта қоярлықтай емес. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні ешқандай қауіп жоқ сияқты көрінеді. Алайда үш күн қатарынан жауын жауатын болса онда үлкен қауіп төнеді. Өйткені, бұл өңірде таулар бар. Мәселен, Қаратау жоталарындағы қар 1 ай немесе 2 ай біртіндеп еритін болса, онда ешқандай проблема жоқ. Ал егер ол  3-4 күннің ішінде, ары кеткенде 1 аптада еріп кететін болса, онда проблема болады», – деді ол. Осы ретте комитет басшысы Шығыс Қазақстан облысына қар қалың түскенін әрі күн күрт жылынып, тез еритін болса өңірді біраз әбірге салатынын ашық айтты.

«Алматы облысында да қар нормадан тыс жоғары. Мұндай проблема Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да бар. Бірақ, айта кетерлігі орын алатын ахуал қардың еруіне байланысты. Дегенмен, қазіргі ауа райы режімі  су тасқыны қаупінің алдын алуда өте оңтайлы болып тұр. Бірақ, ол су жинауға қолайсыз»,-  деді Ислам Әбіш.

Автор: Марлан Жиембай

 





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

//$url="https://ru.nukte.kz/test.php"; //echo file_get_contents( $url );