Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

Билік қайда қарап отыр? – Су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыздың жанайқайы (ВИДЕО)

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтты, – деп хабарлайды «Диапазон»-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.

Ешімовтар отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылып отыр. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған.

«Барлық кітабым үйде қалып қойды. Жоғалды. Билік қайда қарап отыр. Кітабымды қайтарған жоқ. Әкем кезекте жылдап тұрады, не пайдасы бар? Барлық затымыз сонда қалып қойды. Оқуыма алаңдадым, енді үйімізден де айырылып қалдық. Неге біз мұнда тұруымыз керек дейсіздер? Еңбегімізбен салған үйіміз еді», – дейді қыз видеода.

Қыз билікті лайықты көмек көрсетпеді деп айыптап отыр.

«Оқулық жоғалтсақ, қанша төлейтінімізді ескертіп айтқан. Неге сонша қинай береді? Көмектесер болса, құм алып келуі керек еді. Үйді тиындап ақша жинап, салған едік, су шайып кетті. Суға кетіп жатырмыз. Неге көмек жылдам келмеді? Әкемнің жүрегі ауырады. Кезекте тұрады, дәріге кезекте тұрады. Адамдарды аямайсыздар!», – дейді төртінші сыныптың оқушысы.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған комиссия құрылған. Материалдық көмек көрсеткісі келетіндер «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорының есебіне қаражат аудара алады.

KIWI әмиян: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 «Казкоммерцбанк» АҚ-да БИК KZKOKZKX.





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 19 Сәуір, 2017, 15:16

    әкімдер тас жүрек болып кеткен.

    Жауап жазу
  2. Қарапайым əйел 19 Сәуір, 2017, 17:31

    жаным -ай кішкентай ғана.алтын сол .біздің елде билікке бəрібір.осындай балаларды жылатып қойған.

    Жауап жазу
  3. дат тақсыр 19 Сәуір, 2017, 17:57

    мұндағы сч-қа жіберген ақша «біреулердің»жемсауына түспей осы зардап шеккен тасқыннан,кісілерге тіке жете ме?-кім қадағалап отыр екен.тəңертең ақша азда болса жіберсек,балапанның жылағанын көріп өзімнің де осындай кішкене қызым жылап отыр,апа 1000теңге берейік аз ба ұят емес пе деп жаным ай сол.

    Жауап жазу
  4. шал 19 Сәуір, 2017, 19:51

    депутаттар сенаторлар бир аилык жалакыларын беремиз деп жатыр екенгои барекелде.

    Жауап жазу
  5. Түңілген 19 Сәуір, 2017, 22:50

    Алла биліктегілердің аяқтарын аспаннан келтірсе екен. Ішкен-жегендерінің бәрін мұрындарынан шығарып, жеті ұрпағына дейін осы қиналғандардың күндерін берсе екен. Е. Алла, бар болсаң, ұры, алдаушы, қарабет биліктегі жебірлердің күнін қараң қылып, қиналған қазақтың жолын ашшы!!!

    Жауап жазу
  6. Түңілген 19 Сәуір, 2017, 22:53

    Алла биліктегілердің аяқтарын аспаннан келтірсе екен. Ішкен-жегендерінің бәрін мұрындарынан шығарып, жеті ұрпағына дейін осы қиналғандардың күндерін берсе екен. Е. Алла, бар болсаң, мына баланы жылатқан Қазақстанның ұры, алдаушы, қарабет биліктегі жебірлердің күнін қараң қылып, қиналған қазақтың жолын ашшы!!!

    Жауап жазу
  7. алшын 20 Сәуір, 2017, 06:44

    менің қызымды неге жылатасыңдар, қане көмектеріңді беріңдер.

    Жауап жазу
  8. маңғыстаулық 20 Сәуір, 2017, 11:07

    түгел ел халық болып дым болмағанда бір күндік жалақымызды аударыу керек мемлекетік мекеме ТОО болсын АО кәсіпкер болсын жалпы үкімет заң шығарыу керек тек бір обылыста емес мына жағдай басқада обылыстардың елді мекендерінде осындай жағдай үкімет шұғыл шешім қабылдап халыққа түсіндіріп бір күндік жалақыларын аудартып ана су алған елді мекендердің баспаналарын қайта тікеитіп беріу керек ертең жаз күз күзден кеиін қыста келеп жетеді сол ұшын үкімет жылдам шешім қабылдау керек

    Жауап жазу
  9. ОТАН 23 Сәуір, 2017, 07:31

    БИЛІККЕ ДЕПУТАТТАР МЕН СЕНАТОРЛАРДЫ ОЙЛАУ КЕРЕК, СОЛАРҒА ЭЛИТНЫЙ ЖАҒДАЙ ЖАСАП, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАРАЖАТЫН МИЛЛИОНДАП ТӨЛЕЙДІ СОЛАРҒА, АЛ МЫНА ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ЖАН АЙҚАЙЫ-ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫ, СОНДА СЕНДЕР ДЕПУТАТТАР ДЕП АТАТЫНДАР СОНШАМА ЖАЛАҚЫ АЛУҒА ҰЯЛМАЙСЫҢДАР, ҚАЗАҚТЫҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ СЕНДЕРДІ АЛАҢДАТПАЙДЫ, 10 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ, ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҰРПАҚТЫҢ БҮГІНГІ ТҰРМЫС ТІРШІЛІГІ ҚАНДАЙ, СЕНДЕРДІҢ БІР КҮНГІ ЖАЛАҚЫЛАРЫҢ НЕ БОЛАДЫ, НЕГЕ ЭЛИТНЫЙ ДВОРЕЦТЕРІҢНЕН ШЫҒЫП АУЫЛДАРҒА НЕГЕ ШЫҚПАЙСЫҢДАР, ШҰҒЫЛ ШЕШІМ НЕГЕ ҚАБЫЛДАМАЙСЫҢДАР, СЕНДЕР ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БОЛҒАНДЫҚТАН ТЕК ҚАНА УКАЗКАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙСІҢДЕР, ОНАНДА САНДАРЫҢДЫ ҚЫСҚАРТЫП, СЕНДЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН АҚШАНЫ КӨП БАЛАЛЫ, КЕДЕЙ, ТҰРМЫСЫ НАШАР АУЫЛДЫҢ АДАМДАРЫНА АУДАРЫП, ӨЗ ЖОЛДАРЫҢМЕН КЕТПЕЙСІҢДЕР МЕ, ББӘРІБІР ХАЛЫҚПЕН САНАСПАЙСЫҢДАР, ХАЛЫҚТЫҢ АТЫНАН ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ТҮГІЛ, СӨЙЛЕЙ ДЕАЛМАЙСЫЗДАР.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*