"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емес

Шенеуніктер апаттан келген шығынның нақты көлемін әлі білмейміз деп отыр. Сондықтан судың деңгейі басылған соң ғана шығынды есептеуге кіріспек деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емесЖалпы, биыл тасқынның алдын алуға және оның салдарын жою үшін жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы қираған үйлер мен жолдарды қалпына келтіріп, мал-мүліктің орнын толтыруға жұмсалады.

Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан  облыстарында мыңнан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық.

«Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды», – дейді Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 02:06

    шетелдің бәріне, көршілеріне қазақстан осындай жағдайда көңіл айтты, жедел хат жолдады, гументарлық көмек берді. ал оның қайтарымы қайда, неге үкіметтің өзі халқына көмек бермейді, не демеу сөзін айтпайды. неге елбасымыз ел ортасына келмейді . ана божкосының сөзі қандай сұмпайы, адамның басын күнде жұлып жүргендей сөйлейді. он жыл басқарғанда не бітірді осы саланы.

    Жауап жазу
  2. Дала үні 23 Сәуір, 2017, 19:14

    Тілші хабарла сқанда төтенше Орынбасар басшы ешқандай су басқан жоқ дептi.Атбасарда ау деймін.су басқан үйді сол тілші ден естіпті..Ол жарайды басқа ұлт ол басын қазақ қа ауыртпайды..
    Ал өзіміздің басшылар не қарап жүр,халық ақшасын алып..
    Осы НаН сосын анебір жандайшап расындада тура кылғынып өлердей қайғыланып басқа елдерге жедел көңіл айтып жатады..
    Ал бізде адам емес иттер сияқты.Сондай екіжүзді сұрқия болып не керек..
    Сосын әлгі ЕАоАО е деген
    анау одақтастар көмек бермейміе ?.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 25 Сәуір, 2017, 01:24

    ол «одақтастарың» біздегі «отандастарына» да көмек бермейді.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*