Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

Мұхтар Тайжан «Нұр Отаннан» Димашқа тимеулерін өтінді

Картинки по запросу тайжан и димаш

Белгілі экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан танымал әнші Димаш Құдайбергенді саясатқа араластырмауын сұрап, «Нұр Отан» партиясына өтінішін айтты.

Бұл туралы Sn.kz жазады.

Еске салайық, кеше ғана Қытайда мәресіне жеткен халықаралық «I am Singer» байқауында қазақтың дарынды жас әншісі екінші орынды иеленген болатын. Бірнеше айға созылған осынау байқау кезінде Димаштың тыңдармандарының саны еселеп артып, әлемнің танымал өнер жұлдыздарының өзі оның талантына бас иді.

Ал, Қазақстанда мұндай танымалдылыққа ие болған өнер және спорт жұлдыздары әдетте «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, саяси науқандарға жиі тартылатыны жасырын емес. Мұхтар Тайжан осы орайда партия басшыларынан Димашты саясатқа аралстырмауларын сұрап отыр.

Картинки по запросу тайжан и димаш

«»Нұр Отанға», идеологтарға және өзгелерге үлкен өтініш, Димашты саясатқа араластырмаңыздар. Енді оған өздеріңіз ойнайтын үлкендер ойынын ойнатып, партия қатарына қосып, ода айтқызып, үгіт-насихат жүргізуге жол бермеңіздер. Жаратушы оған осындай талант берген екен, енді ол өнермен еш кедергісіз айналыссын. Ең болмағанда Димашты өнерде қалдырайық», – делінген М.Тайжанның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Еске салайық, «Нұр Отан» партиясының соңғы съезіне әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин, дарынды әншілер Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова және өзге де жас таланттар қатысып, біразы Парламент сайлауы кезінде үгіт-насихат жұмыстарымен айналысты.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Гуля 19 Сәуір, 2017, 13:00

    Оте дурыс косыламын.

    Жауап жазу
  2. Ерген 19 Сәуір, 2017, 19:16

    Керемет айтылған!

    Жауап жазу
  3. Шындық 19 Сәуір, 2017, 22:06

    Димашжаның Ата Анасының құлақтарына алтын сырға Димашиы Ұры Отанмен Оның Басысына жолата көрмесін Жалпы Саясатдеген бәленің маңына жолатпасын Себебі Саясат өзгергіш бүгін блаи Ертең басқаша Бүгүн мақтаған пендең Ентең жамандаисың Ал өнер ол мәңгі Оған куә Кешегі Каримов тың қазасы кезінде Каримовты мақтағандар Қазір шеттеп қалды Керсінше Каримовтың кезінде қудаланған Быраз өнер адамдарының Бағы қаита жанды Сол үшін Өнер адамдарының Саясатқа жолағаны Өз аброилары Қала берді өнердеген киелі ұғұмға сын Димашжан Ұлы Дала Перзенті Оған көріңгенің шашбауын көтергізбеңдер

    Жауап жазу
  4. ҒАНИ 20 Сәуір, 2017, 00:39

    КЕРЕМЕТ ӨТЕ ДҰРЫС, СƏТТІЛІК БОЛСЫН ДИМАШТА….

    Жауап жазу
  5. Бақытбек 22 Сәуір, 2017, 22:54

    Өте дұрыс, толық қосыламын!!!. Димаш халқына АЛЛАның бойына берген қасиетімен еш партиясыз да үлкен қызмет етіп жүр, саясатқа кіргізіп бұзбау керек.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*