Валюта бағамы USD : 311.59 | EUR : 349.39 | CNY : 45.41

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Financial Times: Орыс тілі бұрынғы беделінен айырылып қалды

Соңғы 20 жылда  пост кеңестік елдерде орыс тілі жүйелі түрде өзінің беделінен айырылып жатыр. Бұған себеп бұрынғы кеңестік тәуелсіз республикалардың тілдік егемендігін нығайтуға деген ынтасы деп жазады Financial Times басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Материал авторы Стив Джонсонның  пікірінше, орыс тілі әсерінің азаюы Ресей президенті Владимир Путиннің державалық статусын сақтау мақсатындағы қарулы агрессиясына қарамастан Мәскеудің ықпалының әлсіреуін білдіреді.

Орыс тілін қолдану аясы ең бірінші кезекте Қазақстанда тарылған. Бұл елде 2016 жылғы дерек бойынша 20,7 пайыз тұрғын үйінде орысша сөйлейтінін айтса, 1994 жылы бұл көрсеткіш 33,7 пайыз болған.

Эстония мен Латвияда жағдай осыған ұқсас. Бұл жақтарда орыс тілділердің саны 1994 жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайып кеткен.

Украинада орыстілділердің саны 1994 жылы 33,9 пайыз болса, былтыр 24,4 пайызға дейін азайған.

2008 жылы Ресеймен соғысқан Грузияда орыстілділердің саны 6,4 пайыздан 1,1 пайызға қысқарған.

Тек Беларусияда орыс тілді қолданып жүргендердің саны елдегі халықтың жартысынан асып түскен. Мұнда былтыр елдің 71 пайызы орыс тілін үздіксіз пайдаланатын болып шықты.

Financial Times басылымы біріккен ұлттар ұйымының деректері мен Euromonitor International зерттеу ұйымы жинаған ұлттық халық санағына сүйеніп отыр.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Нури 18 Сәуір, 2017, 15:09

    Қазақтар әлі орысша сөйлегенді дәреже көреді

    Жауап жазу
  2. Каспий 18 Сәуір, 2017, 15:32

    Қалай 20 %? Қалаға барсаң бәрі орысшағо. Құжаттарыңның бәрі орысша. Үкімет отырыстары орысша өтеді. Солтүстігің солайымен орысша. Таң қалып отырмын 20 % қайдан алғандарын. ЕНТ дан қазақ тілін алып бастауыш бәрін орысша ағылшынша қылмақшы қайдағы қазақ тілінің дамуы? соны істетіп отырған «қара» орыстар. Енді келіп латынға өтеміз дейміз. Елде жұмыссыздық қымбатшылық жайлаған, солтүстікті , ақтөбені су басып жатыр ал біздің депутатарымыз айлықтарын 2 есеге көбейтіп алды. Оған наразылыққа шығуға бейбіт митингке шығуға тағы болмайт шықсаң сотталасың сыртқы күштер ақша берген анау мынау деп қамап енді шықпастай қылады. Тазабек , Тілеуxан сияқтылар басу айтып елді тыгыш болуға шақырад себебі қарындары тоқ. Тв-ны қарасаң Қазақстан дамып кеткен керемет бәрі. Былтыр мұнайдың бағасы құлдырап кеткенде өтіріктері ашылып қалды теңге құнсызданып шыға келді. Содан аө байқай беріңдер біздің экономика тек мұнайға тәуелді екені

    Жауап жазу
  3. алшын атырау 19 Сәуір, 2017, 00:08

    мен соңғы пікірге келіспеймін . аз да болса қазақ тіліне бет бұруда оң өзгеріс, ілгерілеу бар. «қазақ үні» желісі биылдыққа біраз іс атқарды деуге болады. көп талқысы қорқытады. біразын сабасына түсірдік, санасын түзеуге тырыстық. осы бағыттан таймай, әлі де ұлт мүддесін жүргізе береміз. және жақсы бастамаларды көп болып жұмыла қолдаймыз.

    Жауап жазу
  4. Qazaqstandyq. 19 Сәуір, 2017, 08:52

    20% – тен көп деп есептеймін. Бірақ орыс тілділердің кеміп келе жатқаны анық.

    Жауап жазу
  5. Шындық 19 Сәуір, 2017, 20:53

    Қазақ елі мен Беларустан басқа Пос Кеңестік елдерде Орыс тілі қолданыстан қалды Себебі Қазақ пен Белорусты Совкови Комуняктар басқарады Постари Совкови методпен Кремльдің нұсқауымен Бывши Колхоз председателмен Шоиын Комбинатының Көсеушісі басқарған Осы Екі елгеғана Кремльдің билігі жүреді

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*