Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Полицейлер екі аяғы жоқ жарымжанды бөлімшеге еңбектеп кіруге мәжбүрледі

видеодан үзінді

Ресейдің «Минеаральные воды» қаласында куәгер полицейлердің екі аяғы жоқ жарым жанға істеген әрекетін видеоға түсіріп алды. Олар мүгедек адамды полиция бөлімшесіне еңбектеп кіруге мәжбүрлеген. Ер адам осы оқиғаның видеосын «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Типичные Минеральные Воды» паблигінде жариялаған.

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Оқиға 15 сәуірде қалалық ІІБ-ның ғимаратының алдында болған. Видеоның авторы құқық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдік көлікпен үйсіз адамды бөлімшенің алдына келіп түсіріп, жарым жанның еңбектеп кіруіне мәжбүрлегенін айтады.

Видео қолданушылар арасянда қызу талқыға түсті. Көптеген пікір қалдырушылар осы екі полицейдің жұмыстан босатылуын талап етіп жазған.

Осы үйсіз мүгедек туралы видео БАҚ беттеріне шыққаннан кейін, жергілікті құқық қорғау органдары тексеріс жұмыстарын бастаған.





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Шындық 19 Сәуір, 2017, 21:12

    Путлер басқарған Неофашистік Рашканың сиқы Біздің Шалдың Одақтасы Так что С кем поведёш От них наберёш Аузыңды ашсаң болды

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*