Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бас мүфтидің бұйрығына халық неге наразы? (ФОТО)

Картинки по запросу бас мүфти

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти

Ержан Малғажыұлына

Семей қаласындағы бір мұнаралы

«Ағаш» мешітінің жамағаттары атынан

Ашық хат

Құрметті, Ержан қажы Малғажыұлы хазірет! Өткен жылы жер дауына қатысты Үкімет отырысында айтылған Елбасының жоғарыдағы сөзі әрқайсымыздың жадымызда болар. Халықтың бірлігімен ынтымағына сызат түсіретін кез-келген асығыс шешімге жол беруге болмайтындығын қадап тұрып ескерткен Көшбасшы сол жолы жер сатуға қатысты заңды кері қайтартқанын да Сіз жақсы білесіз. Мұны айтып отырған себебіміз, жергілікті жердің өкілі Мақсат қажы Алтыбайдың ұсынысымен, жоғарғы діни білімі жоқ Дәулет Мақажановты мешітімізге бас имам етіп тағайындаған бұйрығыңыз асығыс жасалынған қадам деп білеміз. Сондықтан да ол біздің наразылығымызды тудыруда.

Құрметті, Ержан қажы Малғажыұлы! Сіз бір мұнаралы ағаш мешітінің бас имамы Заралхан қажыны жақсы білесіз. Ол кісінің асыл дінімізге сіңірген ұзақ жылғы еңбегі мен ел алдындағы абырой беделін Сізге айтып түсіндіру артық болар. «Араздасып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса бір ауылда» деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай біржарым ғасырдан астам тарихы бар көненің көзіндей болған мешітіміздің ішіне кірсең өткеннен сыр шертетін сол баяғы кескін келбетін бүгінгі күнге дейін сақтап келуі, намазхан жамағаттарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетіп қалмай, өзіміздің ханафи мәзхабымызды берік ұстануы, сеніміне селкеу түсірмей бекем болуы осы Заралхан қарияның үлгі-өнегесі деп берік айта аламыз. Оны мүфти хазірет өзіңіз де жоққа шығара қоймассыз.

Құрметті, бас мүфти хазірет! Елі сыйлайтын, елін сыйлайтын және де «имамның тұлғалық келбеті қандай болу керек?», дегенде «міне» деп мақтаныш сезіммен көрсете алатын Заралхан қажыдан басқа имам дәл қазіргі

уақытта бізге керек емес. Алланың шешімінен басқа шешімнің бәрі өзгереді. Сондықтан да өкіл имамның ағаттыққа бой алдырып, көптің пікірімен санаспай жасаған ұсынысы бойынша шығарған бұйрығыңызды өзгертіп, Заралхан қажыны мешітімізде имамдық қызметте қалдыруыңызды сұраймыз.

Өкіл имам Мақсат қажы Алтыбайға келер болсақ, ол кісі мен өзіме ұнаған адаммен ғана жұмыс істеймін, деп өр мінез танытып көптің пікірімен санаспауында. Бұл дегеніңіз көптің тілеуінің үстінде жүрген имамның басты кемшілігі деп білеміз. Алланың бір есімі – Халық. Сондықтан да біздің дана бабаларымыз: «халық Алладан бір саты төмен тұр» деп айтып кеткен болатын. Тағы да: «Ұлық болсаң кішік бол», дейді біздің қазақ. Олай болса, лайық болсаң алақанына салып аялап өсіретін де, олай болмаған жағдайда күл етіп өшіретін де халық екенін қай кезде де ұмытпағанымыз абзал. Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған: «Имамның тұлғалық келбеті» тәлімінде имамның бойында болуы керек қасиеттер тайға таңба басқандай етіліп ашық айтылған. Біз жоғарыда сөз етіп отырған кішіпейілділік турасында былай делінген: «Кішіпейілділік (сыпайылық, қарапайымдылық) – пендеге Раббысы тарапынан берілетін ерекше мінез-құлық. Кішіпейілділік – пайғамбарлар мен күллі мұқаррабиндер, әулиелерден мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам – жер бетінде Раббысынан қорқып, одан ұялып, әрдайым өзін көріп тұр деген оймен ұлыққа да, кішікке де бірдей қарым-қатынас жасайтын жан. Алла Тағала былай дейді: «Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілділікпен жүреді…». (Фурқан сүресі, 63-аят). Бұл аяттың астарында мүміндерге тән кішіпейілділік жатыр. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім кішіпейілділік көрсетсе, Алла оның мәртебесін өсіреді. Ал, кімде-кім көкірек қақса, Алла Тағала оны мұрнымен жер сүздіреді», – деген. (Имам Ахмад ибн Ханбал, Муснад). Ал, өркөкіректік – құрдымға алып баратын дерт. Лағынет атқыр шайтанның Алланың рахметінен айрылып, қуылуына себеп болған да осы тәкәппарлық, өр көкіректік. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың». (Исра сүресі, 37-аят).

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің жүрегінде шаң тозаңындай тәкаппарлық болса жәннатқа кірмейді», – деген. (Муслим, Термизи.)».

Ал, басшылыққа ұмтылып, имам болғысы келіп жүрген Дәулет Мақажановқа келер болсақ, ең әуелі діни білімін жетілдірсін, одан кейін ауыл бола ма, аудан бола ма, қала бола ма сол жерлердегі мешіттердің біреуінен бастасын. Оған біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ. Өйткені, ардақты

Пайғамбарымыз (м.с.ғ.) өзінің бір хадисінде: «Білімді талап ету – әр мұсылманға парыз», – деген.

Құрметті бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы хазірет! Өзіңізге ашық хат арқылы болған жағдайды баяндай отырып, Заралхан қажыны мешітімізде имам етіп қалдыру жөнінде оң шешім қабылдап, көптің наразылығына жол бермейді деген үміттеміз.

Ашық хатқа қол қоюшылар (барлығы 280 адам, тізім жалғасуда)…





21 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 18 Сәуір, 2017, 13:38

    Бас мүфтидің бұйрығына халық неге наразы? (ФОТО)

    ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Ержан Малғажыұлына

    Семей қаласындағы бір мұнаралы «Ағаш» мешітінің жамағаттары атынан Ашық хат

    Құрметті, Ержан қажы Малғажыұлы хазірет! Өткен жылы жер дауына қатысты Үкімет отырысында айтылған Елбасының жоғарыдағы сөзі әрқайсымыздың жадымызда болар. Халықтың бірлігімен ынтымағына сызат түсіретін кез-келген асығыс шешімге жол беруге болмайтындығын қадап тұрып ескерткен Көшбасшы сол жолы жер сатуға қатысты заңды кері қайтартқанын да Сіз жақсы білесіз. Мұны айтып отырған себебіміз, жергілікті жердің өкілі Мақсат қажы Алтыбайдың ұсынысымен, жоғарғы діни білімі жоқ Дәулет Мақажановты мешітімізге бас имам етіп тағайындаған бұйрығыңыз асығыс жасалынған қадам деп білеміз. Сондықтан да ол біздің наразылығымызды тудыруда.

    http://www.qazaquni.kz/2017/04/18/68034.html

    Жауап жазу
  2. Сағи3 18 Сәуір, 2017, 13:42

    Қолдаймын бұл ұсынысты. Аллаһ хайырлысын берсін!

    Жауап жазу
  3. Найманбек 18 Сәуір, 2017, 18:16

    Өкіл имам Мақсаттың жамағатпен санаспай асығыс шешім қабылдағаны өзіне жақсы болмас. Ол кісі адамның жылдар бойы жасаған еңбегін бағаламай тек өзінің басқаруын ойлап отырғаны несі екен. Қаланың бас имамының мешіттің абыройын ойламай пенделікке салынуы дұрыс болмаған екен. Ақсақалға Алла тағала сабыр берсін, бәрі жақсы шешімн табуын нәсіп қылғай.

    Жауап жазу
  4. Сакехан. 18 Сәуір, 2017, 19:41

    Халықтың атын жамылып саясатқа айналдырып отырған санаулы адамның іс-əрекеті.Діни басқарманың ішкі жұмысына араласу дұрыс емес.Себебі имамды тағайындау солардың тікелей жұмысы.

    Жауап жазу
    • Мұрат 19 Сәуір, 2017, 11:22

      Дін жолында кеңес үкіметі тұсынан адал қызмет етіп келе жатқан абыз ақсақалымыз Аллаберген қажыны өкіл имамның өзім білемдігіне салынып алып тастауы,миға симайтын қисынсыз жағдай. » Қызыл көменестердің «билігі жүріп тұрған кезде, мешітті сақтап қалып,жамағатқа мұсылман дінін уағыздап,өз қызметін саналы түрде атқарған Аллаберген қажыға, сол мешіттің атын беру керек.
      Өткен ғасырдың 70-80 жылдары, қазіргі бас мешіт көркем -өнер туындыларының көрмесі болғанын білеміз.Сол кездегі оң жағалаудың жамағытына діннің хақ жолын жеткізіп отырған, Ағаш мешіттің бас имамы-Аллаберген атамыз еді.Ата орнында қалсын!

      Жауап жазу
    • Мұрат 19 Сәуір, 2017, 11:46

      Дін жолында кеңес үкіметі тұсынан адал қызмет етіп келе жатқан абыз ақсақалымыз Аллаберген қажыны өкіл имамның өзім білемдігіне салынып алып тастауы,миға симайтын қисынсыз жағдай. » Қызыл көменестердің «билігі жүріп тұрған кезде, мешітті сақтап қалып,жамағатқа мұсылман дінін уағыздап,өз қызметін саналы түрде атқарған Аллаберген қажыға, сол мешіттің атын беру керек.
      Өткен ғасырдың 70-80 жылдары, қазіргі бас мешіт көркем -өнер туындыларының көрмесі болғанын білеміз.Сол кездегі оң жағалаудың жамағытына діннің хақ жолын жеткізіп отырған, Ағаш мешіттің бас имамы-Аллаберген атамыз еді.Ата орнында қалсын!саналы атқарған,

      Жауап жазу
    • Шал 21 Сәуір, 2017, 22:46

      Тендер жасаган шыгар!!!

      Жауап жазу
  5. Алаш ұлы 18 Сәуір, 2017, 20:02

    280 адамды санаулы жандардың әрекеті деп ойлау таяздық болар

    Жауап жазу
  6. Нұрлан 18 Сәуір, 2017, 21:09

    Ағаш мешітінің имамын орнында қалтыру керек деп ойлаймын. Қазырғы тағайындалған имамды діни білім алуға жіберу керек.

    Жауап жазу
    • Самат 18 Сәуір, 2017, 21:20

      Аксакалдарды жас имамдар сыйламаса, баска адамдардан не кутуге болады.Бул оте уят жагдай дин басылары

      Жауап жазу
  7. Қазақ 18 Сәуір, 2017, 23:07

    «Айна, айна емес, халық айна» деген қазақ. сондықтанда сізді халықтың талап тілегін орындайды деген сенімдеміз мүфти мырза. «халық қаласа, ханда түйесін сояды» емес пе.

    Жауап жазу
  8. арман 18 Сәуір, 2017, 23:12

    Иә жастардың болғаны дұрыс. Бірақ барлығы жас болса, ақыл айтар ақсақалдарды ысырып жатсақ, ертеңіміз не болмақ. Жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуіне кім кепіл болмақ. Қария-ақылы дариялардың болуы заңдылық. Әйтпесе жас имамдарға бағынбаған, қарсы шыққан жат ағымның жетегінде кеткен талай жастарды көрдік. сондықтанда оларға ақыл айтар, тоқтау салар, қарияның болғаны дұрыс сияқты көрінеді.

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 19 Сәуір, 2017, 02:01

    Оте орынды жазылган ашык хат деп билемин. Аскар таудай карияларымыз аман-есен кош бастап журсе ертенги болашагымыз жаркын болатынына куман жок. Елбасымызда канша жаска келседе ешким уакытын келди кет деп жаткан жок, есесiне барша халык сол кисиге денсаулык тилеп аман-есен журе берсе екен деп жур. Казак десе озимизге келед-ау, шамамыз алсиздерге жетедигой айтеуир, сонымен коймай соны мактаныш Коремiз. Бас муфтидин орынды шешетинине куманым бар себебi канша уакытка созылып барады осы жайт али шегин табар емес. Уят жагдай. Бул омирде бар жагдайды шешуге болады тек ниети болса болганы. Кажы Атамызды колдап кол койган жандардын катарына мениде 281 кылып тиркесениздер болады. Алла жар болсын!

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 19 Сәуір, 2017, 11:47

    Халықтың талап-өтініші дұрыс,көпшіліктің пікіріне құлақ асу керек.Ананың танысы,мынаның жамағаты емес,халық сүйген,ұнатқан адам,сол қария болсын.

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 19 Сәуір, 2017, 12:00

    Халықтың талап-өтініші дұрыс,көпшіліктің пікіріне құлақ асу керек.Ананың танысы,мынаның жамағаты емес,халық сүйген,ұнатқан адам,сол қария болсын.Ақсақал,қарияға зәру болып отырған мына заманда-қажы атаны шеттеткені несі?Ата Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін,көптің тілеуі әрқашанда сіз жақта.

    Жауап жазу
  12. Мұрат 19 Сәуір, 2017, 13:14

    Кеңес заманында ағаш мешітті жаптырмай ұстап қалып,Семейдегі оң жағалауындағы тұратын барша мұсылман жамағатына , 40 жылдан аса Алланың хақ жолын насихаттап, имандылыққа тәрбиелеген Аллаберген қажыны ,өзім білемін деп орнынан босатқан өкіл имам қандай қағидаға сүйеніп отыр?Әлде тамыр-таныстықпен біреуді көздеп отыр ма?

    Жауап жазу
  13. Нұрлан 19 Сәуір, 2017, 16:51

    Аллаберген қажы мешитте имам болуын мен де өз атымнан колдаймын,атамыздың 40 жылғы еңбегі синди,ол кисиге ұзақ өмір тілеймін.

    Жауап жазу
  14. Бабағұмар 19 Сәуір, 2017, 21:03

    Алашұлы! Сен осындай киелі есімді былғамай- ақ қоюың керек еді. 280 адамды ақымаққа санайтындай саналы жан сен бе едің, өзіңе сондай сұрақты қойып көрдің бе? Алашқа тіліңді тигізбей Алашұлы деген атыңды ауыстыр, әйтпесе сен сияқты «қазақұлы»»алашұлы» деген жалған патриоттар қаптап кетті.

    Жауап жазу
  15. Асан 20 Сәуір, 2017, 13:45

    «Атадан ул туса игi, ата жолын куса игi!»- деген бабаларымыз! Бабанын осетин кумай, жарты омирин Алла жолына, жамагатка арнаган аталарын окіл имам Мақсат қажы Алтыбай: «мен өзіме ұнаған адаммен ғана жұмыс істеймін» деп өр мінез танытып көптің пікірімен санаспай Алланын уйiнен кууы – көптің тілеуінің үстінде жүрген имамның басты кемшілігі деп білеміз. Алланың бір есімі – Халық. Сондықтан да біздің дана бабаларымыз: «халық Алладан бір саты төмен тұр» деп айтып кеткен болатын.Халыктын тiлегi -кажы Аллаберген атамызды орнында калтыру! Жумыстан кетируге себеп – садака жашигинин алгашкыда ишиндеги акшасы урланып, кейиннен имансыздардын колымен киратылып, мулдем сындырылуы! Енди будан не ой туйесиз? Саясат, барлык жерде журип жаткан! Жамагат боп, саясаттын биздин динимизгеде кирип кетуине жол бермеуимиз керек!

    Жауап жазу
  16. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2017, 20:58

    Алланың өзі де рас, сөзі де рас,- дегендей Бас Муфтиіміз Алланың жолында жүрген адам болғандықтан, барлығын тағы да ой елегінен өткізіп – ДУРЫС шешім қабылдайды деген ойдамыз! Білімді мыңды жығады! Алла жар болсын!

    Жауап жазу
  17. Қазақ қызы 20 Сәуір, 2017, 20:59

    Алланың өзі де рас, сөзі де рас,- дегендей Бас Муфтиіміз Алланың жолында жүрген адам болғандықтан, барлығын тағы да ой елегінен өткізіп – ДУРЫС шешім қабылдайды деген ойдамыз! Білімді мыңды жығады! Алла жар болсын!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*