Валюта бағамы USD : 335.24 | EUR : 395.82 | CNY : 50.65

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Амандық Баталов: Елбасы мақаласы жаңа міндеттер жүктеді

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай бүгін Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен актив жиыны өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынды ашқан облыс басшысы А. Баталов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы соңғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болғанын атап өтті. Онда Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудың рухани бағдарламасын ұсынып отырғанына тоқталды.

– Бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Бұл мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Ел Президенті қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін айтты. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Сондықтан біздің міндетіміз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларға басты назар аудару, – деп атап өтті А. Баталов.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, облыс басқармалары өз жоспарларына бағдарламалық мақаланың міндет-мақсаттарын негізге ала отырып, толықтырулар жасайтын болады. Мәселен, облыстық ішкі саясат және жастар саясаты, мәдениет, тілдерді дамыту және дін істері жөніндегі басқармаларға сәуір айының аяғына дейін бағдарламалық мақалада айтылған тіректерді қамтитын ұсыныстар енгізіп, іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмысқа облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары да белсене қатысуы тиіс.

– Қазір біз алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, жедел түрде сараптамалық жұмыс жүргізуіміз қажет және Алматы облысының рухани дамуының, мәдениеті мен тарихының, туризмінің ауқымды мүмкіндіктерін ашып көрсете білуіміз керек. Екі аптаның ішінде бағдарламалық құжатты жүзеге асырудың өңірлік жоспарын облыс басшысының қарауына ұсына аламыз деп ойлаймын,- деді Ж. Омар. Бұл орайда облыс әкімі А. Баталовтан осы міндеттердің орындалуына ықпал ететін құрамына зиялы қауым, ғалымдар, жастар, этномәдени орталықтар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілетін жұмыс тобын құруға қолдау көрсетуді сұрады.

Жарыссөзге философия ғылымдарының докторы, профессор, «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері Аманжол Қасабек, «Алматы облыстық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Наталья Белик, облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін мен Атсалим Идигов, Өңірлік коммуникациялар қызметінің журналист-модераторы Галина Митковских шығып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында облыс әкімі А. Баталов:

– Қоғамдық сананы жаңғыру жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы – еліміздегі конститутциялық, экономикалық реформалардың заңды жалғасы. Мақалада жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары ұсынылған. Осы бағдарламалық құжатқа сәйкес Жетісу өңірінде бірлік пен татулықты, рухани келісімді, экономикалық даму үрдістерін сақтау мақсатында атқарылатын нақты жұмыстар 1 мамырға дейін айқындалуы тиіс, – деп, тиісті құрылымдарға нақты міндеттер жүктеді.

Мұнан кейін облыс басшысы әрбір аудан, қалалардағы тарихи, мәдени ескерткіштердің тізімін жаңартуды, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу ісін күшейтуді, халықтың рухани және моральдық құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Abai.kz





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. шал 21 Сәуір, 2017, 21:03

    елбасы о деди бу деди деибергеннен коластындагыларга созиниз отпесе не отырыс бир аи алдын мектеп уиымынан мектепте зан боиынша дукен болмауы керек деп барган екен сонда мектептеги дукенди жабындар деп аиткан екенсиз аудан акими орынбасары аибек деген мектеп директорын шакырып тыныш журиндер болмаса орнынды босат депти сонда сиз ким болганыныз.созиниз отпегениме елбасы улги алындар деп еди сизден баска акимдерге тусинбеи калдым бир зансыз дукенди жаба алмасаныз.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*