Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ақмола облысындағы суға батқан автобустан балаларды құтқару сәті түсірілген видео жарияланды

Желіде Ақмола облысындағы еріген қар суына түсіп кеткен мектеп автобусынан балаларды құтқару кезінде түсірілген видео пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгер түсірген видеода құтқарушылардың балаларды автобустың төбесінен шығуға көмектесіп жатқаны көрінеді. Ағысы қатты судан олар балаларды қайыққа байланған арқан арқылы алып шығарған.  ТЖД мәліметі бойынша, оқиға 16 сәуірде болған.

«Автобус Атбасар жақтан келе жатқан, Державинсктен болса керек, Көкшетауға бара жатқан. Жолдан шығып кеткен. Автобуста он бала мен бес ересек адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ, барлығы аман. Құтқаруға жергілікті тұрғындар көмектесті», – дейді Ақмола облысының ТЖД басшысының орынбасары Қанат Доспаев.

Сонымен қатар, Қазнет қолданушылары Ақмола облысындағы су тасқынының салдары түсірілген видеоларды бір-біріне жолдап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, видео Атбасарда түсірілген.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*