Зарина Дияс Қытайда өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс финалдық кездесуде Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, Наньнин қаласында өткен ITF Women's Circuit турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Дияс Қытайда өткен турнирде жеңімпаз атандыЕкі теннисші бірінші рет кездесті. Осы ойынға дейін 23 жасатағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 242 орында тұрды, ал оның қарсыласы Я-Хсуян Ли - 300-ші орында.
Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.