Валюта бағамы USD : 332.7 | EUR : 389.99 | CNY : 49.72

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Зарина Дияс Қытайда өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс финалдық кездесуде Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, Наньнин қаласында өткен ITF Women’s Circuit турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Дияс Қытайда өткен турнирде жеңімпаз атандыЕкі теннисші бірінші рет кездесті. Осы ойынға дейін 23 жасатағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 242 орында тұрды, ал оның қарсыласы Я-Хсуян Ли – 300-ші орында.

Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қазақ 17 Сәуір, 2017, 12:46

    Бір ауыз қазақша білмейді екен , жек көріп кеттім !!!

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 17 Сәуір, 2017, 16:06

    Ұйғыр болса кәйтіп Қазақша біледі. Егерде Қазақ Елінде Мемлекетік Тілде сөйлей не жаза алмасаң бар жерде душняк болса сонда бұлар бұлбұлша сайрайтын еді.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*