Шәмшә Беркімбаева: «Ұстаз мәртебесі» туралы заң қабылдауымыз керек

Картинки по запросу шәмшә беркімбаева

Бүгін Алматы қаласында өткен Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылауға арналған жиында экс-Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева «Ұлттық тәрбиенің негізі – қазақ мектебінде ғана қалыптасады. Біз ең алдымен «Ұстаз мәртебесі» туралы заң қабылдауымыз керек» деді.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

«Қазақ тілінде білім алып, тәрбиеленбеген адамнан қазақ мемлекетінің қамын ойлайтын қайраткер шықпайды» деп, Алаш арыстарының сөзін жаңғыртып айтып жүрген Шәмша Беркімбаева қазақ тілінің Атазаңдағы өз орнына шыға алмай келе жатқанын ашына айтты:

– Қазақ мектебі ауыр жағдайларды басынан өткізді. Өткен ғасырда 900-ге жуық қазақ мектебі жабылды. Осының бәрі ұлттық санамызға түскен сызаттар, ол әлі кете қойған жоқ. Тәуелсіздік жылдары 1300 мектеп салынып, олар негізінен қазақ мектебі болып ашылды. Сол кездегі астанамыз Алматыда 70 жыл бойы бір ғана қазақ мектебі болды. Бүгінде оның саны 70-ке жуықтап қалды. Болашақта 65 аралас мектептің басым бөлігі қазақ мектебі болады деп үміттенеміз, – деді Шәмша Беркімбаева.