Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

ХАЛЫҚТЫҢ ҮШТЕН БІРІ ПАРА БЕРЕТІНІН АЙТАДЫ

Картинки по запросу взятка

Сауалнама жүргізілген қазақстандықтардың 29%-ы шенеуніктерге пара бергенін айтты, деп мәлімдеді «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Наталья Ковалева.

«Әлемдік жемқорлық барометрі-2016» зерттеуі аясында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 29%-ы шенеуніктерге пара бергенін айтты. Мұның өзі қазақстандықтардың парасыз өмір сүруге болатынына сенбейтіндерін көрсетіп отыр», – деді Н. Ковалева өткен жұма күні «Жемқорлыққа қарсы зерттеу жүргізу» шебер-класында.

Зерттеу ақпарынша, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы полицияға, ал төрттен бірі мемкіріс органдарының өкілдеріне пара бергендерін айтқан. Сондай-ақ пара бойынша тізімді сот, медициналық және білім беру мекемелері бастап тұр.

«Егер бұл ақпарды 2013 жылмен салыстырсақ, маңызды нүктелердің өзгермегенін байқаймыз. Сондықтан сауалнамға қатысқандардың 32%-ы тұрмыстық жемқорлықпен күресте мемлекетте алға ілгерілеудің байқалмайтынын атап өткен», – деді Н. Ковалева.

ҚазТАГ





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. МАҢҒЫСТАУ 14 Сәуір, 2017, 14:37

    ЖАЛПЫ ЕСТІГЕНІМ ЖӘНЕ КӨЗБЕНЕН КӨРІП ЖҮРГЕНІМДІ АЙТАЙЫН МЕН ӨЗІМ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫДА МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІНДЕ ЛАБАРАНТ БОЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН КҮНДЕЛІКТІ КӨРІП ЖҮРГЕНІМ БІЛІКТІ ОҚУШЫЛАРҒА ЖАН ТӘНІМЕН ТҮСІНДІРЕТІН АПАЙЛАРҒА ДҰРЫС САБАҚ БЕРМЕИДІ ЕСЕСІНЕ САУАТЫ ЖОҚ ӘР ЖЕРДЕ ҰШҚАЛАҚТАП ЖҮРГЕН ЖАС АПАЙЛАР БОЛСЫН САУАТЫ ЖОҚ БІЛІМІ ТАЯЗ ӨСЕККЕ ҚҰМАР АПАЙЛАР ДИРЕКТОР ЗАВУШТАРҒА АҚША БЕРІП САБАҚТАРЫН КӨБЕИТІП АЛАДЫ ОНЫ БІЗДІҢ АУДАНДА ИТ ПЕНЕН ҚҰСТА ЖАҚСЫ БІЛЕДІ ОСЫНДАЙ ДИРЕКТОР НЕМЕС ЗАВУШТАРДЫ ҰСТАП ҚАМАУ КЕРЕК СОНДА ЖАЙЛАП БӘРІ ҚОРҚА БАСТАЙДЫ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ӨЗІ ЖАЙЛАП МҰҒАЛІМ БОЛЫП КЕЛІП ТҮГЕЛ БӘРІН АНЫҚТАУ КЕРЕК КӨБІСІ ҚОРҚАДЫ АЙТЫУҒА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРЕДІ ДЕП

    Жауап жазу
  2. алшын 15 Сәуір, 2017, 01:21

    әй, адай бала, ана ковалева деген орыс қатын қазақтың қанша ішіп, қашан тышқанына дейін біле ме екен. екеуіңнің әмпей-жәмпейің бір болмасын. сен білесің бе, әңгідік әу, атаң қазақты баяғыда пара беруге үйреткен осы қатынның ақсүйек аталары, орыс патшасының парақор шенеуіктері, жандаралыдары (генерал-губернаторлары) болатын . бермесіне қойды ма, қазақтың билікқұмар, баққұмар, білеқорлығын бес саусағындай біліп алған олар ру араздығын қоздырып, болыстыққа таластырған, ит жеккенге айдаған. бар малын шашып аталарың елден озып шен алған, өз жерін, бас бостандығын орыстан сатып алған. әне бұл дерт қазаққа орыстан солай жұққан. ал сенің сол бәлеқорлығың, атаққұмарлығың, парақорлығың содан бір мысқал өзгерсе -ші. өзгермепті. бәле баққан орыс қатынға өз-өзіңді, өз қандасыңды ұстап беріп тұрсың. парақорлық орыстан асып қазаққа қалып па. бұл кобыл қызы екі қазақтың не деп маңырап жатқанын әрине түсінбейді, сондықтан саған айтып жатырмын. мұқағали айтқандай қазақтың қай- қайсы қасқа айғырына ақбайтал заманы көлденең түсе бермейді. қолыңнан келсе сен де ойқастап қал. бұл жирен бермесе (пара) маған кел.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*