Былтыр жөнделген Астана жолдарына биыл тағы 6,5 млрд теңге жұмсалмақ

Картинки по запросу астана дороги

Ал көктемгі жол азабы елордалық жүргізушілер үшін қалыпты жағдайға айналған. Еріген қармен қоса асфальттар ойылып жатыр. Бас қаланың шеткі аудандарындағы жағдай тіптен қиын. Десе де, шенеуніктер алдымен Есілдің сол жағалауындағы жолдарды жөндейміз деп отыр.

Көктем келсе болды, елордалық жүргізушілердің бейнеті артады. Қармен бірге асфальт та еріп кеткендей. Жолдағы шұрық тесіктен айналып өту мүмкін емес. Тоз-тозы шыққан жолдарды Астананың кез-келген жерінен кездестіруге болады. Мақтаулы Есілдің жол жағалауындағы аудандардың жағдайы да мәз емес. Қыруар қаржыға жөнделгенімен, жылға жетпей жырылып қалады. Бұл әсіресе, көлік жүргізушілеріне үлкен мұң болып тұр. Өйткені, тесік жолдардың кесірінен темір тұлпарларлар тозған.

Ролан Қызылбай, Астана қаласының тұрғыны:

-Үш жылдай болды көлікпен жүргеніме. Әрбір қыстан кейін машинаны СТО-ға апару керек болады.

Әлижан Дәулетов, Астана қаласының тұрғыны:

-Қазір мүлдем сұмдық болып кетті. Пойыз жолы сияқты. Оқыр-тоқыр. Қай жермен жүрме масқара.

Астанадағы көшелердің көлік жүруге жарамсыз болып қалғанын әкімдіктегілер де мойындап отыр. Бірақ ең алдымен, Елорданың сол жағалауындағы онсыз да тақтайдай тегіс осындай жолдар жөнделеді дейді. Өйткені, ЭКСПО өтетіндіктен, халықаралық көрмеге апарар жолдар жалтырап тұруы тиіс.

Похожее изображение

Жауапты шенеуніктер шұрық тесік жолдардың тізімін де жасап қойыпты. Енді жұмысты алдағы бір-екі күнде бастамақ.

Асхат Қарағойшин, Астана қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

-Алдымен 39 шақырымдық 42 көшені жөндейміз. Жаяу жүргіншілер жүретін тратуарларды да жаңартамыз. Жалпы биыл жол жөндеуге бюджеттен 6 жарым миллиард теңге бөлініп отыр.

Осылайша, оң жағалаудағы шұрық-тесік жолдарды жөндеу кейінге қалдырылып отыр. Яғни, Көктал, Оңтүстік- Шығыс секілді тозығы жеткен аудандарда жұмыс тамыз айларында бір-ақ басталуы мүмкін. Оған дейін жүргізушілерге жүйкесін жұқарта тұруға тура келеді.

ktk.kz