Танымал журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады

Картинки по запросу ләйлә сұлтанқызы әйел бақыты

Белгілі журналист Арман Сқабылұлы Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Әйел бақыты» бағдарламасын сынап тастады.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

- Әдейі "Әйел бақыты" секілді бағдарламалар үшін жариялап отырмын. Бұдан артық қандай сөз керек сіздерге, Ләйла Сұлтанқызы! Батысқа еліктемейікші! Біресе, жынысын ауыстырған кейіпкерді жарнамалап, кеше ғана "пәктігін" жасатып, оны жігіті біліп қойған қызды бүкіл елге жария қылдыңыздар. Бүйткен рейтингтерің құрысын! Жүрсін енді жүздеген қыз "пәктігін" сатып алып...Сендерді кез-келген ата-ана сотқа берсе болар еді. Ұлтқа тәрбие береді деген "Ұлттық арнаның" сиқы осы! Оқыңыздар! - деп жазды Сқабылұлы өзінің фейсбуктегі парақшасында. Сонымен қатар, журналист сөз соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы ұлттық сана туралы айтқанынан үзінді келтірді.

"Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда".