"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ресейлік газет тілшісі Мұстафа Шоқайды фашист деп атады (ФОТО)

Жақында орыстың «gazeta-pravda.ru» сайтында «Гитлердің сыбайласына ескерткіш ашылды» (Поставили памятник пособнику Гитлера) атты мақала жария болды.

Бұл туралы abai.kz порталының тілшісі хабарлайды.

Кремль пропогандасының иісі мүңкіп тұрған орыстың «Правда» гәзетінің Бішкектегі тілшісі Сергей Кожемякин өз мақаласында Алаш арысы, қазақ ұлтының қайраткер ұлы Мұстафа Шоқайды ашықтан ашық қаралап, «Қазақстан Украинаның кебін киеді» дегенді айтады.

Тәуелсіз Қазақстан Републикасының құзырлы органдарына құлаққағыс ету мақсатында біз «Правда» гәзетінің  №37-санына шыққан мақалаға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік.

«Мұстафа Шоқай – Фашист»

«Қазақстанда антисоветтік жүйені әм фашизмді қолдаған тұлғаға ұлықтап жатыр. Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылуы мифке негізделген псевдотарихқа жасаған кезекті қадам болды» (В Казахстане увековечивают память главарей антисоветского движения и приспешников фашизма. Открытый в Кызыл-Орде памятник Мустафе Шокаю стал очередным шагом на пути создания псевдоисторических мифов, на которые опирается официальная идеология страны), – деп жазады автор аталған мақаласының кіріспе сөзінде.

Мұстафа Шоқайдың Қызылордада ашылған ескерткіші

Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың кеңестік кер қоғамның езгісіне ынта-шынтасымен қарсы күрескені тарихтан белгілі. Ал Сергей Кожемякин өз контекстінде Мұстафа Шоқайды «фашист» деп қаралайды.

Тарихи деректерді ашықтан-ашық бұрмалап, Мұстафа Шоқайға көпе-көрнеу жала жапқан орыс журналисті Сергей Кожемякин өз мақаласында Орталық Азия елдерінің КСРО идеологиясының қалдықтарын күресінге ысырып, ұлттық, тарихи, мәдени әм рухани құндылықтарын жаңғыртв бастағанына ашынады.

Қазақстанды «социалистік жолдан айныған әм советтік құндылықтарды жоққа шығарушы» деп айыптай келіп, Қазақстанның Мемлекеттік құрылымындағы «Алтын дәуір» ретінде Қазақ хандығы құрылған кезең мен Алаш партиясының құрылған кезеңін айтады ( Эта тенденция затронула и Казахстан. Здесь для конструирования идеологической мифологии используются две эпохи. Первая — Казахское ханство (XV—XIX века), а вторая — период с 1917 по 1920 год, когда в Центральной Азии предпринимались попытки создать собственные, враждебные Советской власти государственные образования. Речь идёт об Алашской и Кокандской (или Туркестанской) автономиях).

Биыл жүз жылдығы тойланатын Алаш арыстарының аруағын қозғап, оларды фашистік жүйенің жандайшаптарына теліген Кожемякин мен оның мақаласын жария еткен орыстың «Правда» гәзеті мемлекетаралық қарым-қатынасқа қырсығын тигізіп, бүтін бір елдің тарихы мен тарихи тұлғасын қаралап отырғанын түсінбейді емес, түсінеді.

Сөйте тұра, «Биыл 100 жылдығы тойланғалы отырған Алашорда жоқтаушылары ұлтшыл-буржуаздар қозғалысын насихататуда.  Алайда атисәбеттік активистерді ұлықтаудың соңы – фашизмді қолдаушыларды насихаттауға ұласып кетті», – деп жазады. (Их столетие, отмечаемое в этом году, вызвало всплеск пропагандистской активности, направленной, в том числе на прославление лидеров буржуазно-националистического движения начала XX века. Но, как нередко бывает, начав с восхваления активистов антисоветского движения, современные идеологи постепенно скатываются к прославлению пособников фашизма…).

«ОДНИМ из таких событий стало открытие 28 марта в Кызыл-Орде 12-метрового памятника политическому деятелю Мустафе Шокаю. В тот же день в местном университете прошла международная научно-теоретическая конференция «Наследие Алаша и независимый Казахстан», посвящённая 100-летию образования партии «Алаш», – деп жазған автор Мұстафа Шоқай туралы бірді-екілі деректерді мысалға келтіреді.

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайды – фашист, неміс бандеррасымен байланысқа түскен сәбеттік сатқын әрі болшевиктерге қарсы күрескен эммигрант деп сипаттайды (бұл туралы мына сілтемеден оқып танысуға әбден болады).

Ең бастысы – өз мақаласын түйіндей келе Сергей Кожемякин «Мұстафа Шоқай сынды азаматтарды ұлықтау – антисәбеттік қозғалысты насихаттау және КСРО-ны күйелеу» деп жазады.

Алашорда Сәбет Өкіметін жеңген

Тіпті Парламенттегі «Ақжол» партиясын да тілге тиек етіп, Перуашевтің «Қазақстанның бүгінгі Тәуелсіздігі – кешегі Алаш қайраткерлерінің арман мақсаты. Тарихи тұрғыдан алғанда – Сәбет Өкіметі жеңілді. Алаш жеңді» деген сөзіне де шүйлігеді.

Шүйлігеді де ашық қоқан-лоққы жасайды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының территориялық тыныштығын бұзуға, қос бірдей одақта ортақ қазаннан ас ішіп отырған Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруді көздейді.

Еуразиятанушы Сергей Кожемякин

«Қазақстан Украинаның кебін киеді»

«Бұл тенденция бізді уайымдатпай қоймайды. Мысалы, Украинада да дәл осылай басталған. Бандерраны ұлықтауан басталған қадам қанды-қырғынға ұласты. Арты азаматтық соғысқа ұласты. Қазақстанды дәл осы жолға итермелеп отырған кім?» деп түйіндейді ол өз мақаласын (Эта тенденция не может не пугать. На Украине тоже всё начиналось с восхваления Петлюры, Бандеры и прочих одиозных фигур прошлого. Закончилось же кровавым переворотом, бесчеловечным режимом и гражданской войной. Неужели кто-то заинтересован в том, чтобы и Казахстан пошёл по тому же пути?).

Түйін. Біз жар астынан жау іздеп отырған жоқпыз. Айтқымыз келгені – қос бірдей одақтың аясында (Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ) ортақ экономикалық саясат жүргізіп отырған көрші Ресейдің псевдодемократтық сайттары мен журналистері Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, екі елді жауластыруды көздеп отырса керек.

ҚР Сыртқы Істер министрі Қайрат Әбдрахманов мырзаның,

ҚР ҰҚК басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтің,

ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың,

ҚР Парламенті Сенатының төрағысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның,

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин мырзаның назарына!

Бүгінгідей бейбіт күнде Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзуды көздеген, Мемлекеттер арасына от салып, бүлік шақырған ресейлік басылымның арандатушы әрекетіне Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі жауап беруі тиіс!

Бүгінде ел ішіне іріткі салып, түрлі идеологияны насихаттап жүрген шетелдік (оның ішінде дезинформаторлық саясатты нық ұстанатын ресейлік БАҚ) басылымдар, телеарналар мен ақпараттық сайттарға тосқауыл қойылуы тиіс!

Айтпақшы, 2010 жылы Париж қаласында  Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылған болатын. Мұны Еуразиятанушы Сергей беле ме екен?..

М.Шоқайдың Париж қаласындағы ескерткіш-бюсті





20 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. алшын 11 Сәуір, 2017, 22:39

    оларда (ресей) бұл тұрғыдан шынайы тарих жоқ қой. яки ресей өз тарихынан әлемдік тарих пен болашақ алдында қорқатыны, еске алуға қорланатыны да рас. сондықтан олардың «пропогандисттері» өзге халықтардың тарихи тұлғаларына барынша топырақ шашып, ғайбаттайтыны тағы рас. қайта біз барынша өз ұлттық тарихымызды жаһанға жайып, насихаттауды тоқтатпағанымыз жөн. ерте-кеш әділетті бағасы беріледі. мұстафа шоқай «түркістан легионын» құрып үлгерген жоқ. атағы онікі болғанымен қастандықтан ерте қаза тапты.

    Жауап жазу
  2. !! 11 Сәуір, 2017, 23:03

    қайдағы ф-т? ондай ары таза адам- үлкен Тұлға оларда барма екен өзі?Ары таза Алаш Арыстарын сасық ауыздардан қорғай білейік.»өткен тарихын-өлген аруақтарын құрметтеген халық ұлы,-деген екен Конфуций

    Жауап жазу
  3. Лұқпан Бегалы 12 Сәуір, 2017, 00:28

    Неткен сорақылық! Мұстафа Шоқайда әкелерінің құны кеттіме екен?

    Жауап жазу
  4. Ермек 12 Сәуір, 2017, 00:31

    Ermek Murumbaev Өздері Власовтың туын кремлге іліп қойғандарын білеме))

    Жауап жазу
    • камила амирсултанқызы 12 Сәуір, 2017, 09:12

      фашистік шовинистік ресеи күні бүгінге деиін өздерінің арам саясатымен күллі дүнияға қала берсе бұрынғы кеңестік мемлекеттердің тарихына топырақ шашып отыр,тарихты бұрмалап жазуға тырысып бағуда, бырақ қолдарынан келмеи жатыр, сатқындық фашистік арамдық орыстарда жақсы дамыған, өзіне жақын бауырлас Украин халқынан мәңгігі ажырасты жәи ғана ажырасу емес қан төгіс пен Украин халқының жүрегін мұзға тасқа аиналдырды, орыстар өлеиін деп жан таласып жатқан шағал сияқты, қазақтарға ауыз салғысы келеді , бүкіл әлеммен жауласып темір тордың артында қамалған жабаиы иттер сияқты,

      Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2017, 03:48

    м. шоқай 1941 жылы желтоқсанда қайтты. «түркістан легионы» , басқалары 1942 жылдың жазында құрылды.

    Жауап жазу
  6. Казакпай. 12 Сәуір, 2017, 07:43

    Тарихты бурмалауга болмайды.М.Шокай жолдас А.Гитлермен одактас болды.Орысеместерден аскер курып кенес одагымен куресип, Туркистан автаномиясын курмакшы болды.Тарихифакты.

    Жауап жазу
    • Төлеу 29 Сәуір, 2017, 19:43

      Кеңес одағымен күрессе ол-елінің қазақтың алдындағы борышын жан-тəнімен түсінгендігі шығар. Жалпы, ССРО кезінде Қазақстан керемет өркендеді дегеннің өзі мифтік көзқарас, кеңестік идеологияның барып тұрған көзбояушылығы екенін түсінбеу нағыз надандықтың белгісі . Ол ойдан құтылудың бірден бір жолы əліпбиді өзгерту, «зұлымлық империясының» қазаққа қарсы істегені қазақ баспасөзінде кеңінен жазылса да оған көз салмаудың өзі (кеңес үкіметін іштей қолдау) елдің егемендігін мойындамау болып табылады.

      Жауап жазу
    • Qanat 3 Мамыр, 2017, 12:40

      Мұстафа Шоқайды Францияда отырған жерінен фашистер күштеп алып келді де осы істі істеткізді. Мұстафа Шоқай фашисттердің өзіне жинатқызған әскерді бірнеше рет әдейі кешіктіріп, сылтау жазып, соғысқа жібермей аман алып қалуға тырысқан. Қателеспесем кейбір деректер бойынша шамамен 4 рет. Фашистер көндіре алмағандықтан оны өлтіртті. Сосын фашисттер ол істі келесі жылы басқа адамға тапсырды.

      Жауап жазу
      • Qanat 3 Мамыр, 2017, 12:41

        Мұстафа Шоқайды Францияда отырған жерінен фашистер күштеп алып келді де осы істі істеткізді. Мұстафа Шоқай фашисттер өзіне жинатқызған әскерді бірнеше рет әдейі кешіктіріп, сылтау жазып, соғысқа жібермей аман алып қалуға тырысқан. Қателеспесем кейбір деректер бойынша шамамен 4 рет. Фашистер көндіре алмағандықтан оны өлтіртті. Сосын фашисттер ол істі келесі жылы басқа адамға тапсырды.

        Жауап жазу
  7. камила амирсултанқызы 12 Сәуір, 2017, 09:03

    орыстардың бүкіл совет халқына жасаған арамдығы , әсіресе қазақ халқын жаппаи қырғынға ұшыратуы фашистік гитлердің жасаған қылмысынан он есе асып түседі, Мұстафа Шоқаиға тіл тигізетіндеи сендер кімсіңдер,қазақтардың советтік құлдық санадан оянып есін біліп оңды солды танып жатқанынан қорқып отыр,біз қазақтар ғана қалдық орыстарға ресеиге дос болып аиқара құшағымызды ашып отырған, сондада қазақты түрткілеп қоимаиды,басқаларға аузын ашып көрсін сол күні редакциясымен жандырып өртеп құртып жібереді, кремль арандатушылықты осы жол арқылы паидаланбақшы, мықты болсаң путиннің жасап отырған озбырлық саясатын неге жазбаиды, фашистік кремльді талқылалаи берсін біздермен қазақтар мен жұмысы болмасын

    Жауап жазу
  8. нури 12 Сәуір, 2017, 10:58

    :koisai: :jap:

    Жауап жазу
  9. алшын 12 Сәуір, 2017, 20:17

    мұстафа мен марияның 1920 жылы баку арқылы шетелге қашуына жәрдем берген біздің атыраудың қазақтары еді. қол ұшын берген бұл кісілер батыс алашорда үкіметінде қызмет етті. кеңес үкіметі бірден орнай қойған жоқ. кейін жергілікті үкіметті құрысты, толстов қалдықтарымен соғысты. сталиннің қанды қасабына да түсті. көбі атылды. 1941 жылы күзде мұстафа парижде қолға түсті, фашистік концлагерге қамалды. гитлер риббентроп арқылы шоқайға адам салды. мұстафа оларға қызмет істеуден бас тартты. сол жылы желтоқсанда қастандықтан өмірден өтті. ал оберкоманда вермахтың барлау мектебі саналған «алаш» 4-ші тобы 1942 жылдың жазында құрылған, оған 13 неміс инструкторлары сабақ берген. бұл мектептен өткендердің көпшілігі немістеррге қызмет еткен жоқ. өз жағына, партизандар қозғалысына шығып кетті. «тамұқтан өткен тағдыр» естелік.

    Жауап жазу
    • Төлеу 29 Сәуір, 2017, 19:55

      Дұрыс. Осы мəліметті оқымағандар, мүмкін оқыса да түсінбейтіндер, Мұстафа Шоқай немістерге қызымет етті деген 1950-ші жылдардағы кеңестік үгіт-насихатқа сенетіндерін қайтерсің. Иə, елім деген қазақтың ұл-қыздары еш уақытта елін сатпаған, сол жолда жандарын қиған.
      Əліпби өзгерсе ғана осыған көздері жететін болады, мəжбүрлі түрде қазақ баспасөз оқитын болады.

      Жауап жазу
  10. Назия 12 Сәуір, 2017, 20:35

    Көре алмайды қанша ма жазушылармызды қуғынға ұшыратқан жоқпа қанша масын аттырды біздің тыныш ел екеніміз көре алмайды орыстан досың болса қасыңда айбалтаң болсын деген

    Жауап жазу
  11. Оразбек 12 Сәуір, 2017, 21:14

    Атыннан айналайын Мустафа ага!!!

    Жауап жазу
  12. Казак 13 Сәуір, 2017, 15:01

    Шошка не жемеиди,орыс не демеиди! Олардын идеологиясына,мен пыскырыпта карамаимын! Мустафа Шокаи Казак Халкы ушин улкен Тулга! :koisai:

    Жауап жазу
  13. Сәкен 13 Сәуір, 2017, 23:19

    камила амирсултанқызы, аты-жөніңді орыс, қазақ әріптерін шатыстырып жазғаның сияқты, ойың да шатасып жүр екен: «Орыстардың… әсіресе қазақ халқын жаппай қырғынға ұшыратуы фашистік гитлердің жасаған қылмысынан он есе асып түседі» дегенің қай көріпкелдігің? Әлде В.Суворовтың (Резунның) «Гитлердің соғысты бастамағаны» туралы сандырағының шалығы тиді ме? «Он есе асып түскенін» біледі екенсің, екі жақтың да қанша қазақты қырғанын цифр бойынша салыстырып бермейсің бе? «Он есе аз қырған фашистік гитлерге» обал бола бермесін де.

    Жауап жазу
  14. Бақдаулет 18 Сәуір, 2017, 16:58

    Сәбет өкіметін орнатушы және оның құндылықтарын қорғаған кейбір белсенділер өзге және өз еліне фашистерден ары өтіпкеткен сұмдық істер жасағанын біледі ме екен? Әлі олардың елінде мектеп, көше,қала аттары сақтаулы ғой, біздегі ескерткіштерге алаңдағанша

    Жауап жазу
  15. Шындық 25 Сәуір, 2017, 20:53

    Болашақта Фашистер Өздерін Антифашисбіз деп көрсетеді Уинстон Черчель Рашизм Это ест Новие Неофашизм Во главе Бывши Чекисти

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*