Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады?

Биылғы қасиетті Рамазан айы мамырдың 27 мен маусымның 25 аралығы болады деп хабарлайды Алматы қаласы орталық мешітіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады?Мұсылман сүннеті бойынша, бұл қасиетті айда ниет еткен мүмін ораза ұстап, ауыз бекітеді.

Бұл айда ауыз бекіткен мұсылман баласы өзін барлық ойын-сауық, артық іс-әрекеттерден аулақ ұстауы қажет. Барынша жақсылық жасап, құран оқып, дұға-тілектер айтумен қатар, қайырымдылықпен айналысып, садақа беруде Рамазанның бұлжымас дәстүрі.

Ораза Шәуәл айының бірінші күні аяқталады. Биылғы жыл ол маусымның 26-27-не түседі.