ҰҚК: Қазақстандағы ең қауіпті ағым - салафилік ағым

Ендеше неге әлі күнге Заң жоқ?

Картинки по запросу сәләфизм

Бүгінгі Қазақстан үшін ең басты лаңкестік қауіп - дәстүрлі емес діни ағым саналатын сәләфилік ағымынан болып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Abai.kz.

Білісбеков мырзаның айтуынша, елімізде жаңа радикалды топтардың пайда болуына әм қалыптасуына дәл осы сәләфилік ағым себепкер болып отыр.

"Әуелі экстримистік идеологияның таралу базасын жою керек. Көбіне көп бұл - жаңа радикалды топтардың құрылуына себепкер болып отырған - салафилік ағам болып отыр", - деді Білісбеков мырза Үкімет отырысында.

Бас салып қамай бергеннен гөрі кері насихат жұмыстары (конртпропоганда) тиімдірек болады.

"2016 жылы профилактика жұмыстары кезінде дәстүрлі емес діни ағымдардың 32,1%-ы анықталды. Жалпы алғанда Мемлекеттік бағдарлама аясында жат ағамда жүргендердің 90,7%ы анықталды", - дейді ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мырза.

Ел арасында дәстүрлі діннен безіп, ақиқатты алыстан іздегендердің ішінде дәл осы салафилік ағым өкілдері туралы алып-қашпа әңгіме көп екені әмбеге аян.

Білісбеков мырза келтірген деректерден көзіміз шалып қалғаны  - Халықаралық террористік шараларға, соғысқа қатыспақ болған 91 қазақстандық құрықталыпты.

Шетелге діни сауат ашуға кеткен 81 студент те елге қайтарылған.

"Есептік кезеңде анықталғандай, елімізде жасалмақ болған 12 террористік актінің жол кесілген. Құзырлы органдағылар 123 радикалды темір торға тоғытты", - дейді Білісбеков мырза өз баяндамасында.

Өкінішке орай, Алматы мен Ақтөбе қалаларында болған шетін оқиғалардың алды алынбағаны және бұл қырғынға сәлафилік ағымның қатысы бары тағы да расталды.

Былтырғы Алматыдағы атысты жасаған Күлікбаев қамалды десек те, елдегі жалғыз террорист ол емес-ті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дін істер комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, Қазақстандағы салафиттердің саны 15 мың адамға жеткен.

Әсіресе, әлем жұрты Ислам дінін терроризмге теліп жүргенде, бөтен ағымдағылардың бүлігі өрши түсті.

Салафизмге мемлекет тарапынан құқықтық тоқтаулар салыну керек дейміз біз. Алайда, бүгінгі салафизм тікелей мемлекеттік құрылымдармен сыбайласып кетті деген сыбыстар жиі айтылады.

Жоғарыда аталған терактілердің артында салафизм бағытын ұстанушылар тұрғанын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқан болатын. Салафилік немесе уахабилік секілді кейбір радикалды ұйымдарға әлі күнге дейін мемлекет тарапынан тыйым салынбай келеді. Мұның себебі неде?

Араб тілін шала-шарпы білетіндер дінтанушыға айналған заманда қазақы ұлттық құндылықтарымыздың бәрін жоққа шығаруға тырысып «ширк», «серік қосу» тағы бердемелер дейтіндер, технологиялық жетістіктердің өзін ысырып тастап, жұртты орта ғасырлық феодализмге қарай кері бұрып әкету үшін жанұшыратын шолақ дамбалды діншілерге ресми орган тыйым салуға міндетті емес пе? Ендеше неге әлі күнге Заң жоқ?